Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Құрмет» орденінің иегері, 45 жыл Қазақстан мұнай құбырын дамытуға үлес қосқан Зинон Бахтиярұлы Абдрахманов — мұнайшылар династиясының өкілі, әкесі Бахтияр Абдрахманов 50 жыл «Ембімұнай» бірлестігінде лауазымды қызмет атқарды.
1966 жылы Зинон Абдрахманов Мәскеудегі Губкин атындағы мұнай институтын бітіріп, өндірістік процестерді автоматтандыру жөніндегі инженер-электромеханик мамандығын алып шығады. Жас маман алдымен «Маңғышылақмұнай» бірлестігінде өндірістік базаларды автоматтандыру цехында тәжірибе жинады. Кейін Балықшы (қазіргі Атырау) мұнай құбыры басқармасы құрылғанда Орталықтандырылған бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика қызметінің бастығы қызметіне шақырылады. Зинон Абдрахмановтың жетекшілігімен 1976 жылы магистралды құбыр бойындағы мұнай айдау станцияларына американдық «Honeywell» автоматтандыру жүйесі енгізілді. Бұл КСРО-да алғашқылардың бірі болып енгізілген шетелдік автоматты басқару жүйесі еді. Енгізілген автоматтандырылған жүйенің өміршеңдігі сол, мұнай айдау станцияларының үздіксіз жұмысы мен қауіпсіздігін 20 жыл бойы қамтамасыз етті.
1979 жылы Зинон Абдрахманов «Южнефтепровод» бірлестігінің бас инженері қызметіне тағайындалады. Білікті маман, шебер ұйымдастырушылығымен көзге түскен майталман 1984 жылы Шығыс-Қазақстан магистральды мұнай құбыры басқармасына басшылықта отырып, 3 жыл ішінде жедел түрде «Экібастұз», «Степная», «Қарақойын», «Атасу» және «Борсеңгір» мұнай айдау станциялары іске қосты. Шымкент мұнай өңдеу зауытына мұнай тоқтаусыз тасымалданатын болды.

Тәуелсіздік алған жылдары Зинон Абдрахманов жаңа құрылған «Қазақойл» ұлттық компаниясында жауапты маман ретінде елдегі мұнай тасымалы саласын үйлестіруге еңбектенді. 1998 жылы Каспий Құбыр Консорциумының Қазақстандағы өңірлік менеджері болды.
Қазақстан мұнай тасымалы саласының Құрметті қызметкері атағымен, елге сіңірген еңбегі ескеріліп «Құрмет» орденімен марапатталған.
Сан қырлы өндіріс сынына төтеп беріп, мұнай-газ саласын өркендетуге ерекше үлес қосқан ардагерлер еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы