Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхананың дәстүрлі «Ауылдан базарлық» жобасы мұнайлы Ембінің 100 жылдығына арналды.
TED’x форматында ұйымдастырылған жобаның алғашқы бөлімінде NIS оқушылары Ембімұнайының тарихына тоқталып, жер асты байлығын игеру кезеңдеріне шолу жасады. Оқушылар зерттеулерінде қара алтыннан алынатын өнімдер, кен орындарын анықтау, мұнайды бұрғылау жұмыстарына қатысты деректерімен бөлісті. Олар ардагер-мұнайшылардың отбасыларымен кездесіп, Ембі мұнайының алғашқы қарлығаштары жайында айтып берді.
«Ембі мұнайының 100 жылдығы – қазақ елінің мерекесі. Ел экономикасының дамуына үлес қосып жатқан компанияның республика тарихында алар орны ерекше. Бүгінде мемлекетіміздің 35-40 пайызын мұнай-газ саласы толықтырып отыр. Сондықтан, Қазақстанның дүниежүзілік аренада ойып тұрып орын алуына мұнайшылар қомақты үлес қосып жатыр», – деп атап өтті құттықтау сөзін сөйлеген мектеп директоры Ерәлі Бижанов.

Шара барысында оқушылар өздерінің Ембі мұнайының игерілуі, дамуы туралы дайындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Ал, ардагер мұнайшылар Серік Досмұхамбетов, Балтөре Досмұхамбетова, Орынбасар Құрманқұлов, Сәдірғали Әділов, сондай-ақ, «Ембімұнайгаз» АҚ бюджеттеу және экономикалық талдау департаментінің директоры Нұрсәуле Тәжмағамбетова арнайы қатысып, мұнайлы Ембінің кешегісі мен бүгінгі күнгі жетістіктеріне тоқталды.
Кеш барысында Нұрсәуле Әжіғалиқызы оқушылардың ыстық ықыласына ризашылықтарын білдіріп кітапхана қорына Ембімұнайгаздың 100 жылдық тарихы туралы жарық көрген жылнаманы мектеп кітапханасының қорына сыйға тартты.

Кеш соңында саналы ғұмырын жер асты байлығын игеруге жұмсап, өңірдің экономикасы мен әлеуетін арттыруға зор үлесін қосқан ардагер-мұнайшылар оқушыларға бата беріп, ел игілігі жолында тер төгуге шақырды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
142
22 апреля 12:27
Түркістан әуежайына арналған мұнай базасын «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы салады
144
21 апреля 16:30
Қарағандылық теміржолшы әлемдік ареналарға жол тартты