Главная Новости Мұнайлы өлкенің тарихы – жаңа форматта: Доссордағы кітапхана-мұражай кешені
23 сентября 2026, 12:28 53

Мұнайлы өлкенің тарихы – жаңа форматта: Доссордағы кітапхана-мұражай кешені

Мұнайлы өлкенің тарихы – жаңа форматта: Доссордағы кітапхана-мұражай кешені

Сәуірде ашылған «Қара алтын» кешенінде мұражай, кітапхана, білім беру және демалыс орындары бар. Бүгін БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері кешенге барып, оның жұмысымен танысты. Бұған дейін жергілікті музей 1978 жылы салынған, апатты жағдайда тұрған ғимаратта орналасқан. Екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында жұмыс істеп тұрған, ал аумағы 155 шаршы метр еді. Бүгінде кешеннің жалпы аумағы 700 шаршы метрден асады.

Кітапхана қорында шамамен 30 мың кітап бар. Мұнда компьютерлік техникамен жабдықталған 50 орындық оқу залы және балалар бөлімі жұмыс істейді. Көру қабілеті нашар жандар үшін Брайль жүйесімен басылған әдебиеттер қарастырылған. Мұражай бөлімінде Доссор мен Атырау облысының тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ мұнай-газ саласының қалыптасуына арналған 4 500-ден астам жәдігер қойылған. Кешенді құру барысында кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

 

Жоба «Ембімұнайгаз» АҚ бастамасымен және «Самұрық-Қазына» қолдауымен жүзеге асырылды. 858,9 млн теңге көлеміндегі қаржыландыру «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы бөлінді. Жалпы, соңғы 10 жылда «Самұрық-Қазына» тобы Атырау облысында 34 жобаны жүзеге асыруға 14,81 млрд теңге бағыттаған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: