Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ғылыми зерттеу және өндірістік жұмыстар цехының лаборанты Маржан Көшімова 40 жыл еңбек өтілінде жақсы сөз, абыройлы атақ арқалаған жан. Жолдасы екеуі бүгінде 3 бала тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.
«Таңертең – жұмысқа, кешке – үйіңе асыққаннан артық бақыт жоқ» деген сөз бар ғой. Шынында да ұжымдағы ынтымақ пен отбасындағы ізгі-ілтипаттан асқан байлық жоқ деп ойлаймын. Жұмыстан шаршап келгенде шаңырақтағы тәттілердің шат күлкісі барлық ауыртпалықты ұмыттырады», – дейді Маржан Көшімова.
Маржан 1961 жылы осы өңірде туған. Мұнай өндіру ісі мен оны дайындау қондырғыларында жұмыс тәжірибесін жетілдіріп, 1987 жылы өндірістік жұмыстарды ғылыми зерттеу цехына лаборант болып ауысқан екен.
«Бұл жерде еңбек еткеніме ширек ғасырға жуық уақыт болады. Ел экономикасының күретамырына айналған мұнай-газ саласында қызмет ететінімді мақтан тұтамын», – деп жылы жымиған Маржан Серәліқызының қимылы тым ширақ.
Маржан өскен әулетті әріптестерінің «мұнайшылар династиясы» деп атайтыны бар. Айтса айтқандай, әкесі Серәлі НГДУ мекемесінде бұрғышы боп ұзақ жыл еңбек етті. Кейін туған апасы мен ағалары да осы мұнай саласына бет бұрды. Жолдасы Қалмұқанбет Сарманов бұрын «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында бұрғышы қызметін атқарса, қазір көлік департаментінде автослесарь боп жасайды. Олардың әрқайсысының еңбек жылдарын бір санға біріктірсе, ғасыр айналары сөзсіз.
«Қазір бұрынғы жылдармен салыстырғанда зертханамызда көптеген өзгерістер бар, жаңа технологиялардың көмегімен мұнайдың суын, тұзын топырағының сапасын тексереміз. Зертханамыз заманға сай жабдықтармен қамтамасыз етілген, өндірістегі ұстаздарым Алмаш Алмұрзаева, лаборанттық жұмысқа баулыған Ханшайым Байжуановаға шексіз алғыс айтқым келеді», – дейді кәсіби маман.
Маржан Көшімова еңбек ететін цех бригадалық құрамда жұмыс жасайтын болғандықтан, әр жұмысшы өз міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Маңғыстаудың желі, аптап ыстығы мен аязында белі қайыспай, еңбек етіп жүрген аяулы жандардың ерлігі сан кітапқа арқау болары анық. Елдің несібесін молайтып, отбасындағы жылылықтың жанашыры болған Маржан Серәліқызы ынтымақ-бірлігі жарасқан ұжымына дән риза, сүйікті кәсібіне адал.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
57
18 декабря 18:31
Госнаграды получили заслуженные работники АлЭС ко Дню энергетика