Главная Новости Мұнайшы өнерпаздардың жаңа туындысы
19 қараша 2020, 10:37 1491

Мұнайшы өнерпаздардың жаңа туындысы

Мұнайшы өнерпаздардың жаңа туындысы

«Қаламқас» вокалды-аспапты ансамблі «Туған жер» әніне бейнебаян түсіріп, өнер сүйер қауымға ұсынғалы отыр. Әннің авторы – белгілі әуесқой композитор, «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының әлеуметтік мәселелер жөніндегі маманы Алтынбек Сарғожаев. 

«Туған жер» сөзін ақын Дайрабай Үсіпбаев жазған. Көптеген әннің жарық көруіне себепші болған ақынның шығармашылық қоржынында  көпшілік көрерменге танымал «Мұнайшылар» әні де бар. «Қаламқас» вокалды-аспапты ансамблінің репертуарындағы бұл ән «қара алтын» өндірушілердің гимініне айналды десе де болады.

«Біз әр тыңдаушының жанын тебірентетін ән іздедік. «Туған жер» әні – сол талапқа сай композиция. Әрине, бейнебаянды түсірер кезде бірнеше идея болды. Дегенмен өр өлкеміздің өз бейнесін, өз келбетін көрсететін нұсқа ұнады. Нәтижесінде өте әсерлі және әдемі туынды шықты, – дейді Алтынбек Сарғожаев.

Бейнебаян маңғаз мекен Маңғыстаудың таңғайыптары – Айрақты, Шерқала, Қарақия ойпаты сынды сұлу жерлерінде түсірілді. Мұнда атакүлдікке кіндігі байланған жандардың туған жеріне деген сүйіспеншілігі туралы айтылады. Әуеннің студиялық нұсқасы Алматыдағы студияда әрленген.

Қаламқастықтардың жаңа туындысына сәттілік тілейміз.

Лаура Жолдыбаева

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: