Главная Новости Мұнайшылар дәрігерлердің қабылдауында болды
11 шілде 2022, 08:45 1165

Мұнайшылар дәрігерлердің қабылдауында болды

Мұнайшылар дәрігерлердің қабылдауында болды

Корпоративтік денсаулық сақтау жүйесін нығайту, сондай-ақ жұмысшылардың денсаулығын қорғау мақсатында «Нейрон» медициналық орталығының жоғары білікті дәрігерлері ай сайын Қаражанбас кен орнына барады. Бұл жолы кесте бойынша мұнайшылардың денсаулығын тексеру үшін терапевт, эндокринолог және невропатолог келді.

Дәрігерлер бір күн ішінде 20-ға жуық адамды қабылдады. Олардың айтуынша, жұмысшылар буын ауруларына, жоғары қан қысымына шағымданады және қант диабеті сияқты аурулар да кездеседі. Мұндай диагнозы барлар дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдап, дұрыс тамақтануды қатаң сақтауы керек. Дәрігерлер әр науқасты мұқият тексеріп, ем тағайындайды.

«Дәрігерлердің кен орнына келуі біз үшін өте ыңғайлы. Жұмыс ауысымынан кейін кезекпен тексерілеміз. Жағдайымыз жақсы, дұрыс тамақтанамыз. Бірақ өндірістік объектілердегі жұмыс денсаулыққа әсер етпей қоймайды. Сондықтан ай сайын тексеруден өтуге тырысамыз, ол үшін жағдай жасалған», – деді мұнайшылар.

Осылайша, компания жұмысшылар денсаулығын жақсарту, өмір сүру ұзақтығын арттыру және еңбек жағдайларын жеңілдету үшін ұзақ мерзімді әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: