Главная Новости Мұнайшылар күніне арналған спорттық сайыстар
31 тамыз 2022, 15:30 1497

Мұнайшылар күніне арналған спорттық сайыстар

Мұнайшылар күніне арналған спорттық сайыстар

Тартысты ойын, жеңіске құштарлық және мерекелік атмосфера. Мұнай-газ саласы қызметкерлері күні қарсаңында Қаражанбастағы спорттық жарыстар жалғасып жатыр. I вахта ауысымындағы мұнайшылар ұлттық және зияткерлік спорт түрлерінен мықтыларды анықтауда. 

Мұнайшылар арасындағы дода шахмат турнирінен басталды. 10-ға жуық қызметкер ауыр жұмыс күнінен соң, миға шабуыл жасап, зияткерлік қабілеттерін пысықтады. Шахмат тақтасындағы тартысты ойын нәтижесінде дәнекерлеу-құрастыру учаскесінің автоэлектригі Нұрлан Мәмбетов ІІІ орынға ие болды. 

Ептілігімен көзге түскен бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу басқармасының бұрғышысы Саясат Ғабдиев ІІ сатыға тұрақтады.  Ал қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің  топ жетекшісі Қуанғали Нысанбаев қарсыластарынан оқ бойы озық шығып,  І орынды қанжығасына байлады.

Бәсекелестікке толы жарыс жасыл алаңда жалғасты. Шағын футбол турниріне әр түрлі цехтар мен бөлімшелерден 12 команда ерекше дайындықпен келді. Ойыншылардың ұйымшылдығы арқасында жеңіске деген ұмтылыс анық байқалды. Ұтымды пастар мен ерекше әдістер нәтижесінде қақпаға сәтті голдар салынды. Қорытындыға сәйкес, ІІІ орын бу өндіру цехының жігіттеріне бұйырды. Ал қабат қысымын ұстау цехының командасы ІІ орынды қанағат тұтты. Технологиялық көлік басқармасының жұмысшылары турнир жеңімпазы атанып, І орынға ие болды.

Ұлттық ойындардың бірі – арқан тарту сайысында ең мықты мұнайшылар анықталды. Жарысқа қатысуға 20-ға жуық команда өтініш білдіріп, физикалық күштерін сынға салды. Әр команда ерекше тәсілдерді қолдану арқылы қарсыластарды төте жолмен жеңуді көздеді. Төреші шешімімен ІІІ орын БжҰЖКЖБ командасына, ІІ орын «Мобил-Сервис» ЖШС жігіттеріне бұйырды. Ал өндірісті автоматтандыру цехының білекті де жүректі жұмысшылары жарыс жеңімпазы атанып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Айта кетейік, кәсіби мереке қарсаңындағы жарыстар волейбол және үстел теннисі ойындарымен жалғасады. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар мұнайшылар күніне арналған шаралар аясында марапатталады. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: