Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ онлайн форматта ұйымдастырған салтанатты жиналыс барысында «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшылары да марапатталды.
Шара қатысушыларын басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Қоғамға қарасты еншілес және тәуелді мекемелердің қызметкерлерін қасиетті мерекемен құттықтады.
"Рас, биылғы жыл оңайға соқпады. Өкінішке қарай, дүниежүзін жайлаған жұқпалы індет қазақ даласын да айналып өтпеді. Дегенмен, өткен жылдармен салыстырғанда «ҚазМұнайГаз» ҰК» бұл жолы сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне дайын болып шықты. Біз дереу дағдарысқа қарсы стратегия қабылдап, шығындарымызды қысқартуға кірістік. Бірақ біз өндірісте жүрген еңбек адамдарына басымдық беріп, олардың жұмыс орындарын сақтап отырмыз. Сонымен қатар, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту бойынша әрекет етудеміз. Мысалы, биыл Маңғыстау және Ақтөбе өңірлерінде әлеуметтік нысандардың құрылысына қаржы бөлінді», – деді Алик Серікұлы құттықтау сөзінде.
Қоғам басшысы бір топ қызметкерлерді ҚР ЭМ «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі және Ескерткіш белгісімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» Құрмет грамотасымен марапаттап, сәттілік тіледі. Салтанатты жиналыс барысында «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев және Кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов барлық мұнайшыларға құттықтауын жолдай отырып, кенорынды игеруге көп жылғы қосқан үлесін ескеріп, майталман мұнайшыларға «Өзенмұнайгаз» АҚ Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын тапсырды.
Компания басшысы Тәуелсіздіктің нығаюына, экономикамыздың тұрақты дамуына мұнайшылардың қосқан үлесі зор екенін атап өтті. Қиынға қажымай, өндірістің өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген әріптестеріне шексіз ризашылығын білдіре отырып, кездескен қиындықтардан шығуда барша мұнайшыларға үміт артатынын жеткізді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
56
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
62
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы