Главная Новости Мұнайшылар мерекесі Қаламқаста қорытындыланды
06 қыркүйек 2022, 08:37 1860

Мұнайшылар мерекесі Қаламқаста қорытындыланды

Мұнайшылар мерекесі Қаламқаста қорытындыланды

1 қыркүйекте Ақтау қаласындағы орталық кеңседе бастау алған Мұнай-газ саласы қызметкерлері күні мерекесіне арналған салтанатты шаралар Қаламқас кен орнындағы салтанатты шаралармен қорытындыланды.

Мерекелік кеш әдеттегідей шағын концерттік бағдарламамен басталып, марапаттау рәсімімен жалғасты. Концерттік бағдарлама «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблінің тартуымен басталып, өлкеміздің жас өнерпаздары Әмина Асғатова мен Ділназ Тлепованың ән шашуымен жалғасты.

Одан әрі кезек құттықтаулар мен мерекелік марапаттауларға берілді. Сахна төріне Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Дәулетжан Хасанов және Компания кәсіптік одақ ұйымының төрағасы Мәди Кентанов көтеріліп, ұжымға деген жылы лебіздері мен құттықтауын жеткізді.

«Барша Қаламқас мұнайшыларына адал да нәтижелі еңбектері үшін алғысымды білдіремін, – деді Дәулетжан Хасанов. – Қазір Компанияның болашаққа бағытталған даму Стратегиясы жасақталып жатыр. Бұл құжат Компаниямыздың барлық қызметкерлерінің белсенді қатысуымен жасақталуы керек деп есептеймін. Бұл құжат біздің болашағымызды айқындап, мақсаттарымызды бекітіп, ұстанымдарымымыз бен құндылықтарымызды нақтылауға көмектесетін болады».

Құттықтау өндіріс озаттарын мерекеге орай марапаттау рәсімімен жалғасты. Жыл бойы үздік болған қызметкерлер түрлі деңгейдегі үкіметтік, ведомстволық наградалармен марапатталып, естелік төсбелгілер мен медальдар тағынды. Қаламқас кенорнының игеріле бастағанына 40 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде кенорыннан 170 млн. тонна мұнай өндірілді. Бұл көрсеткіш қаламқастық мұнайшылардың шеберлігі мен жоғары кәсіби даярлығының және табандылығының дәлелі.

Одан әрі құттықтау кезегі «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы бастығы Нұрпейіс Сәрсенбай мен ӨБ бастығының орынбасары Юань Чжикуньге және сервистік мекемелер басшыларына ауысты. Басшылар мұнайшылар қауымына деген құттықтауын жеткізіп, мұнайшылар күні мерекесіне орай өткізілген спорттық шаралардың жеңімпаздарын марапаттады.

Осы кеште сахна сыртында орналасқан мінберде қазақша күрестен сайыс өтіп, түйе палуандар арасында мықтылар анықталды. Спорттың бұл түрі мұнайшылар арасында үлкен қызығушылыққа ие, сондықтан қазақша күрестен өтетін әрбір сайыс қызу қолдаумен өтеді. Кешегі кеште де дәл солай болды.

Ал кештің басты сыйы мұнайшылар мерекесіне алыстан арнайы келген «Меломен» тобының концерті болғаны айтпасада түсінікті. Мұнайшылар арасынан өнерлі жігіттердің жанкүйерлері табалып, кеш салтанаты одан сайын арта түсті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: