Главная Новости Мұнайшылар мерекесі: «Қайнармұнайгаз» үздіктерді марапаттады
03 сентября 2026, 12:50 28

Мұнайшылар мерекесі: «Қайнармұнайгаз» үздіктерді марапаттады

Мұнайшылар мерекесі: «Қайнармұнайгаз» үздіктерді марапаттады

ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның УАЗ кен орнында салтанатты жиын өтті. Ұжымды кәсіби мерекемен «Ембімұнайгаз» АҚ Бас технологы Серік Әбдиев құттықтады.

Ол өзінің құттықтау сөзінде барша қызметкерлерге адал еңбектері үшін алғыс айтып, УАЗ кен орнының технологиялық процестерді басқарудың дамыған жүйесімен қамтамасыз етілгенін ерекше атап өтті. «Қайнармұнайгаз» өзінің тұрақты жұмысымен Ембімұнайгаздың қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Бүгінгі жетістіктер ардагерлер салған дәстүрлер сабақтастығы мен мұнайшылардың қазіргі буынының қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін баса айтты.

«Қайнармұнайгаз» «Ембімұнайгаздың» ең жас өндірістік-құрылымдық бөлімшелерінің бірі болғанына қарамастан, басқарма даму қарқынын нық арттырып келеді. Ұжым заманауи технологияларды енгізе отырып, өндірістік тапсырмаларды табысты орындауда. УАЗ қызметкерлерін құттықтай отырып, басқарма бастығы Амангелді Сүлейменов өндіріс қана емес, адам капиталын дамыту саласындағы жетістіктерге де тоқталды.

Бір топ қызметкерлерге «Ембімұнайгаз» АҚ мен басқарманың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, спорттық сайыстарда жеңімпаз болған жұмысшылар да марапаттарға ие болды. Мерекелік салтанатты шаралар «Қайнар» вахталық қалашығында жалғасты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: