Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Тәуелсіздік күніне орай «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев онлайн режимде Республиканың түпкір-түпкіріндегі мұнайгаз саласының өркендеуіне ат салысып жүрген бірқатар мұнайшыларды мерекемен құттықтап, марапаттады. Олардың қатарында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымының мұнайшылары да бар.
Салтанатты шарада Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев компанияда дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, шығындар қысқартылғандығына тоқталды. Өндірістік персоналдың жұмыс орындары сақталып, әлеуметтік міндеттемелер орындалып, жұмысшылардың еңбек жағдайы жақсарғанын айтты.
«Құрметті әріптестер! Баршаңызды абыройы асқақ, беделі биік мемлекетіміздің мәртебелі мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл Қазақ еліне еркіндік пен бостандық сыйлаған айтулы күн! Ата-бабамыздың асыл арманын орындап, Тәуелсіздікті тұғырына қондырған бүгінгі ұрпақтың бақыты баянды болсын. Ел басына күн туғанда жұдырықтай жұмылып, өндірісті бір сәт тоқтатпаған қажырлы еңбегіңіз бен мен қайсар рухыңызға ризашылығымды білдіремін!» деді Алик Айдарбаев.

Салтанатты жиын соңында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқарма басшылары ұжымды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, мұнайгаз саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға Маңғыстау облысы әкімінің және Компанияның Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Кәсіподақ атынан мерекелік төсбелгі алған әріптестер де болды. Салалық кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін Кәсіподақ төрағасы Тарғын Мысамбаев марапат иелерін құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында марапатталған барлық азаматтар Компаниямыздың дамуына әлі де атсалыса беретіндіктерін жеткізді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
65
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
71
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы