Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Балаларға базарлық! Енді Атыраудағы мектептерде оқушыларға арналып қара алтын өндірісінің қыр-сырын паш ететін қосымша сабақ өткізіледі. Білім бағытындағы қанат қақты бастаманы «Ембімұнайгаз» АҚ өзінің ғасырлық мерей тойына орай жүзеге асырды, деп хабарлады Qazaqstan арнасы.
Ембі өндірісінің ғасырлық тарихынан сыр шертетін оқу-анимациялық бағдарлама жобасы білім саласының мамандарымен бірігіп дайындалды. Оның игілігін 7-11 сынып оқушылары көреді. Бейнеролик мұнай тақырыбына қызығып жүрген Данаға да ерекше әсер қалдырды.
«Өте қатты ұнады. Біріншіден, мұнай саласына қызығушылығым салмақты болғандықтан, өндірістік орындар, олардың маңызы, сондай-ақ қалайша біздің өмірімізге мұнай әсер етеді деген сұрақтарға мен өзіме жауап алдым», – деді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Дана Амангелді.
Бағдарлама анимациялық форматқа негізделген. Қабылдау жеңіл әрі ыңғайлы. Онда Ембінің қатпарлы тарихы мен мұнайшылардың қажырлы еңбегі, еліміздің өзге өңірлеріндегі қара алтын кеніштері туралы толық ақпарат беріледі.
«Неге мультипликация ретінде жасадық? Себебі қазіргі заманауи технологияға байланысты заманауи көптеген әлеуметтік желілер бар. Соған байланысты балаларға қабылдауға оңай, оны жан-жаққа тарату да оңай. Балаларымыз осыны білсін деп», – деді «Ембімұнайгаз» АҚ бас технологы Марат Елеусінов.
Бағдарлама қаладағы 60-тан астам мектепке таратылады. Оқу жүйесіне келер жылдан бастап енгізіледі. Бұдан өзге Ембілік мұнайшылар 100 жылдыққа орай, танымдық бағытта «Тарихи портал» жүйесін құрды. Онда Санкт-Петербург, Мәскеу, Алматы қалаларындағы архивтерден құнды деректер алынып, жинақталған. Және Ембімұнайгаздың ғасырлық мерейтойының аясында компанияның терең тарихына бойлаған «Ембі – ел ырысы» атты көркем-деректі фильм де көрерменге жол тартқан болатын.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
49
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
65
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды