Главная Новости Мұнайшыларға – мерекелік марапат
13 қыркүйек 2021, 08:00 1322

Мұнайшыларға – мерекелік марапат

Мұнайшыларға – мерекелік марапат

Биылғы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ҚР Тәуелсіздігінің 30, Маңғыстау мұнайының 60 жылдығымен қатар тойланды. Осыған орай «Қаражанбасмұнай» АҚ екінші вахта ауысымындағы жұмысшыларға мерекелік марапаттар табысталды.

Қара алтын игеру саласының сойылын соғып жүргендерді Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Нұрсейіт Союнов, кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасар Асқар Рзаханов, Өндірістік басқарма директоры Оңғар Қабылов, «Бірлік» жұмысшылардың жергілікті кәсіподағы жетекшісі Қуаныш Сисенбаев пен «ҚБМ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» жетекшісінің орынбасары Расул Денбаев кәсіби мерекемен құттықтап, атқарып жүрген ақ адал еңбегі үшін алғыс білдірді.

«Мұнайшы болу – абыройлы қызмет! Уақытпен, күн райымен санаспай жұмыс істеп, еліміздің экономикасына елеулі үлес қосып жүрген әр жұмысшымыздың еңбегі ерен. Эпидемиологиялық жағдай қиын болса да, биылғы мерекеге жақсы көрсеткішпен, толағай табыспен жеттік. Алдағы уақытта жетістіктеріміз молаяды деген сенімдеміз. Ардагерлердің салған сара жолымен, абырой биігінен көріне беріңіздер! Мереке құты болсын!», – деді Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Асқар Рзаханов.

Қаражанбас мұнайын өндіру, игеру саласына қосқан үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін 40-қа жуық жұмысшы медальдармен, естелік белгілермен, «Қаз Мұнай Газ» ҰҚ АҚ Құрмет грамоталарымен, Маңғыстау облысы әкімінің және ҚБМ алғыс хаттарымен марапатталды.

«Қызығы мен қиындығы мол салаға өмірімнің көп жылын арнап келемін. Мерекеде алған марапат, еткен еңбегімнің жемісі деп білемін. Жұдырық боп жұмылсақ, әлі де алар асуымыз алда. Қаражанбастың өркендеуі үшін ерінбей еңбек етуге дайынбыз!», – деді №3 Мұнай өндіру цехының мұнай және газ өндіру операторы Рахат Бекесов.

Жыл сайын мұнайшылар күнінде мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылатын. Әлемдік ахуалға байланысты жиындарға шектеу қойыласа да, мұнайшылар марапаттан кенде қалған жоқ. Мерекеде табысталған алғыс хаттары мен құрмет грамоталары жұмысшылардың өнімді еңбек етіп, өндіріс көлемін арттыруға жаңаша шабыт сыйлайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: