Главная Новости «МұнАйымның» айшықты сапарлары
08 ақпан 2024, 08:33 684

«МұнАйымның» айшықты сапарлары

«МұнАйымның» айшықты сапарлары

Әйелдер энергетикалық клубы «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында екі ауысымды да қамтып, кеңес өткізді. Ер азаматтармен тең дәрежеде вахталық режимде еңбек етіп жүрген азаматшалар жаңа бастаманы жылы қабылдады.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қаржы департаментінің директоры, Қоғамның «МұнАйым» Әйелдер энергетикалық клубының төрағасы Ш.Л. Ильмуханбетова Клуб презентациясына шолу жасап, энергетика секторының өкілдерін біріктіруге арналған ұйым мақсаттары мен міндеттеріне, осы саладағы әйелдердің рөлін күшейту және олар үшін мүмкіндіктерді кеңейту болып табылатындығына тоқталып өтті.

Бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербететін әйелдер қай салада да белсенді. Біздің Қоғамда да мұнай және газ саласын игерумен қатар, ғылым саласында да жетістікке жеткен, отбасы-ошақ қасын сүттей ұйытып отырған нәзік жандылар жетерлік. Қатысушылар арасынан ұсыныстар мен идея айтушылар көп болды. Солардың бірі, «ҚМГ» өндірістік басқармасында 34 жыл еңбек өтілі бар ТСДЦ машинисі Бибігүл Қалыбаева:

«Кен орынның әйел-жұмыскерлеріне серпіліс беретін осындай қыздар клубын құрудың өзі тамаша бастама ғой. Әйтпесе 10 күн бойы өндіріс орнындағы жұмысымызға барып келеміз де, жатақханадан шықпаймыз. Қаламқастағы әрбір екінші жұмыскер әйел өнерлі, шебер, өз ісінің майталмандары. Жұмыстан тыс кезде қолөнер шеберханасын, «Зумба» би үйірмесін ашуды, сондай-ақ мерекелер қарсаңында мұнайшы қыздар арасында конкурстар, концерттер ұйымдастыруды ұсынамын», - деді.

Жиналғандардың басым көпшілігі вахталық әдіспен жұмыс істейтін әйелдерге білікті психолог, денсаулық саласы бойынша онколог, гинеколог және қаржылық сауаттылыққа қатысты кеңес беруші мамандарымен кездесулер өткізу қажет екендігін алға тартты. Әсіресе, салт-дәстүрімізге байланысты ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтарымыздан сыр шертетін мұражай ашуды, оны көне жәдігерлермен көркемдеп, жасақтауды ойға салды.

2023 жылғы 3-6 қазан аралығында Атырауда «Ембімұнайгаз» АҚ «Мұнайшы қыз» әйелдер энергетикалқ клубының 5 жылдығына арналған форум өтті. Бұл іс-шараға «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының, еліміздегі ірі мұнай компанияларының, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Мерейтойлық шараның басты тақырыбы - гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдердің, әсіресе, еліміздің мұнай-газ секторында еңбек етіп жатқан әйел-жұмыскерлердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Форумның бірінші пленарлық сессиясында ТШО, NCOC, АМӨЗ, «Атырау» МГҚБ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ басшылары мен өкілдері қатысып, өз компанияларындағы әйелдер көшбасшылығы, олардың карьера сатысымен көтерілуі, жан-жақты дамуына жасалған мүмкіндіктер туралы ойларын ортаға салды. Ал, форумның панельдік сессиясында мұнай компанияларындағы әйелдер ұйымының белсенділері заманауи әйелдердің жетістікке жету жолдары туралы пікір алмасып, «МұнАйым» Әйелдер энергетикалық клубының төрағасы Шолпан Ильмуханбетова спикер ретінде сөз сөйледі.

Форумға қатысушы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «МұнАйым» ӘЭК клубының белсенді мүшелері ембілік мұнайшы қыздардың жетістіктерімен тәжірибе алмасып, істеріне береке тіледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: