Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы №3 мұнай және газ өндіру цехының 5-дәрежелі слесарі Мұратхан Елекбаевтың төл мекенде табан аудармай қызмет істегеніне 22 жыл. Ол бұл аралықта компания басқармасының алғысы мен құрметін алды, ұжым арасында абыройы өсті, білік-білімі молайды.
Мұратхан Елекбаев еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында бастап, кейін өңірдің өндірісін өркендетуге бар күш-жігерін жұмсады. Әкесі Сайын Елекбаев ұзақ жыл көлік жүргізді, бүгінде Елекбаевтар әулеті атақ-абыройдан құр алақан емес. Елекбаевтардың үлкені шағын кәсіптің құлағын ұстаса, кіші інісі Жұбатқанды маңғыстаулықтардың білмейтіні некен-саяқ. Кикбоксингтен спорт шебері. Қызан ауылының қара домалақтарын әлемдік додаларға дайындап, бүгінде бапкерлік қызметін жемісті жалғастырып жүр.
Мұратханның өндірістен тыс тіршілігі де қауырт. Мал шаруашылығын дөңгелетіп отырған бақуатты тұрмысы тағы бар. «Елде болса – ерінге тиеді» дегендей, ризық-несібесін өндірістен түгендеп, ел келешегінің жарқын боларына сенеді.
«Ұжымда бір ауысымда 75 адам еңбек етеді. Біздің бригадаға жүктелген 5 топтық қондырғының жұмысын қатаң қадағалап отырамыз», – дейді аға маман.
Ол, сондай-ақ, компания тарапынан мұнайшылар игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Жатақханамыз күрделі жөндеуден өтіп, кір жуу кешені жаңа заманға сай технологиямен жабдықталып, қолданысқа берілді. Сондай-ақ соңғы үлгіде салынған спорт кешеніміз де бар. Сонымен қатар, біздің жұмысымызда топтық қондырғылар жаңартылды. Цех заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Мұндай жағдайда жұмыс істеу өте қолайлы», – дейді Мұратхан.
Адал еңбекпен күн көрген қарапайым отбасының қазаны ортайып көрген емес. Жары Айнұр Нұрхановамен жеті бала тәрбиелеп отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
56
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
62
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы