Главная Новости Мырзағалиев: Біздің басты байлығымыз мұнай емес, адамдар
10 қазан 2022, 15:00 1283

Мырзағалиев: Біздің басты байлығымыз мұнай емес, адамдар

Мырзағалиев: Біздің басты байлығымыз мұнай емес, адамдар

Ақмола облысының Зеренді демалыс аймағында Жаңаөзен қаласының кәсіподақ көшбасшылары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығымен кездесті.

«ҚазМұнайГаз» бастамасымен кәсіби біліктілікті арттыру тренингі ретінде өткен екі күндік жиында кәсіподақ ұйымдарының белсенділері ҚМГ басшылығына «Өзенмұнайгаз» компаниясындағы өзекті мәселелер жайлы баяндап, оны шешу жолдары мен жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Әңгіме барысында өндіріспен қатар, жұмысшылардың кәсіби біліктілігін, еңбек пен тәртіп өнімділігін арттыру секілді тақырыптар да қозғалды.

«Біздің басты байлығымыз мұнай емес, адамдар. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, кәсіби біліктілігін арттыру, білімін тереңдету, басын біріктіріп, ауызбіршілігін нығайту – компанияның басты міндеттерінің бірі. Біз бетпе-бет жүздесіп, өзекті мәселелерді ашық талқылап, сенімді диалог орната білдік. Мұндай еркін, бейресми кездесулерді тұрақты түрде өткізетін боламыз», – деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Зерендіде өткен екікүндік жиын ұлттық компания басшылығы мен жұмысшылар арасындағы диалогты одан әрі нығайтуға, сенім мен ашықтыққа негізделген байланыстың беки түсуіне мүмкіндік берді. Бұл туралы кездесуден кейін «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің №1 мұнай-газ өндіру басқармасының кәсіподақ өкілі Әлібек Сәрсенов баяндап берді.

«Дәл осындай бейресми жолдастық кездесулер адамдарды шынымен жақындастырады. Бүгінгі жиынның нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» басшылығы мен Жаңаөзен қаласының кәсіподақ өкілдері түйткілді мәселелерде ортақ келісімге келіп, өзара сенімді қарым-қатынас орнатты. Ал тренингке келер болсақ, еңбек жанжалдарын тиімді шешудің жаңа дағдыларын игеру тұрғысынан құнды ақпарат алдық», – деді жаңаөзендік маман.    

Семинар соңында кәсіподақ өкілдері Жаңаөзен қаласынан 50 оқушы білім алып жатқан High School of Burabay мектеп-интернатына барды. «Өзенмұнайгаз» АҚ бастамасымен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асқан «Жарқын болашақ» жобасымен биыл жаңаөзендік 50 оқушы Бурабайда орналасқан мектеп-интернатқа оқуға түсті. Оқушылар жерлестерін үлкен ықыласпен қарсы алып, Бурабай курортында орналасқан еліміздегі ең таңдаулы мектептердің бірінде оқу туралы әсерлерімен бөлісті.

Кездесуге ӨМГ бас директоры Мақсат Ибағаров, мұнай-газ өндіру және сервис бойынша құрылым басшылары, кәсіподақ өкілдері мен ӨМГ кәсіподақ ұйымдарының (10 мың мүше), ҚМГ мұнай сервис ұйымдарының көшбасшылары, сондай-ақ «ҚазГӨЗ» ЖШС кәсіподақ төрағасы қатысты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: