Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Румынияның Бухарест қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында компания басшысы жергілікті үкіметтік топтармен бірқатар кездесу өткізіп, KMG International компаниясының Румыниядағы бизнесін дамыту перспективаларын талқылады.
Ал KMG International басшылығымен өткізген кеңесте Мағзұм Мырзағалиев компанияның 2022 жылғы операциялық және қаржылық нәтижелерін талқылады.

Ол сондай-ақ Petromidia мұнай өңдеу зауытының өндірістік нысандары мен басқару орталығына, сондай-ақ Rompetrol брендімен жұмыс істейтін жанармай құю станцияларына барды.
«Еуропадағы күрделі геосаяси ахуал кезінде ҚМГ Румыния нарығына мұнайдың бірден-бір сенімді жеткізуші болып, елдің энергетикалық қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып отыр. Біз шетелдік активтеріміздің тиімділігін арттыруды көздейміз», - деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы кеңесте.

Сонымен қатар, Мағзұм Мырзағалиев KMGI компаниясының өз ішінде электр энергиясы мен бу өндіру үшін салып жатқан COGEN электр энергиясы мен жылуды (ЖЭО) аралас өндіретін электр стансасының құрылыс алаңына барды. ЖЭО құрылысы электр қуаты мен буға кететін шығынды азайтуға, мұнай өңдеу зауытына электр және будың үздіксіз және сапалы жеткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Электр энергиясының артық мөлшері Румынияның Ұлттық желісіне сатылуы мүмкін.
Айта кететіні, COGEN ЖЭО құрылысы 2013 жылы KMGI мен Румыния үкіметі арасында жасалған өзара түсіністік туралы меморандум бойынша KMGI міндеттемелерін орындау мақсатында құрылған қазақстандық-румын инвестициялық қорының шеңберінде іске асырылып жатыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
170
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете