Главная Новости Мырзағалиев Түркиядағы танкерлер туралы: Қазақстан мұнайына шектеу жоқ
08 желтоқсан 2022, 13:30 1541

Мырзағалиев Түркиядағы танкерлер туралы: Қазақстан мұнайына шектеу жоқ

Мырзағалиев Түркиядағы танкерлер туралы: Қазақстан мұнайына шектеу жоқ

«ҚазМұнайГаздың» компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Түркияның жағалауында кезекте тұрған мұнай танкерлері туралы пікір білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

«Кешегі ақпарат бойынша Босфор бұғазында 21-ге жуық танкер тұрған. Оның алтауы – «ТеңізШевройлдың» мұнайын тасымалдайтын танкерлер. Тарихи статистиканы қарасақ, жалпы желтоқсан айында Босфор мен Дарданелл бұғаздарынан өту үшін орташа 14 күндей уақыт алады. Кешегі күннің жағдайымен айтсақ, 6 күндік кешігу байқалады», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның пайымынша, бұдан Қазақстан экономикасына ондай үлкен қауіп жоқ.

«Дегенмен 5 желтоқсаннан бері Ресейден шыққан мұнайға шектеулер қойылып жатқанын бәріңіз білесіздер. Біздің мұнайға ешқандай шектеулер жоқ. Яғни, ешқандай санкция да жоқ», – дедіМағзұм Мырзағалиев.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: