Главная Новости Мысырда қалааралық алғашқы Talgo пойызы жолға шықты
05 қаңтар 2023, 11:30 1078

Мысырда қалааралық алғашқы Talgo пойызы жолға шықты

Мысырда қалааралық алғашқы Talgo пойызы жолға шықты

Египет ұлттық темір жолдары (ENR) Каир-Александрия бағытында Талго компаниясы салған локомотивпен тасымалданатын қалааралық алты пойыздың алғашқысын іске қосты, деп хабарлады Rail-news.kz.

2019 жылдың сәуірінде ENR мен Talgo компаниясы Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын жоба аясында пойыздарды жеткізу үшін 158 миллион еуроның келісімшартына қол қойған. Келісімшартта Египетте Тальго мекемелерін салу қарастырылған, олар алдағы 8 жыл бойына пойыздарға техникалық қызмет көрсетеді.

Іске қосылған пойыздың жоғары жылдамдығы сағатына 160 км. Әр пойыз локомотив пен 15 вагоннан тұрады және 490 орынға есептелген. Құраманың – бес вагоны бірінші, сегіз вагоны екінші классты, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған вагондар да  бар.

Барлық вагонда сымсыз интернет қарастырылған, ал бірінші классты вагонда ақпараттық және ойын-сауық жүйесі қосылған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: