Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгінгі таңда «KEGOC» акционерлік қоғамы Қазақстан тұтынушыларын сапалы және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін тұрақты және дамушы компания. Компания ұлттық экономикада маңызды стратегиялық рөл атқарады. Соңғы 25 жылдың көлемінде KEGOC отандық электр энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында бірқатар ірі ауқымды инвестициялық жобаларды табысты іске асырды. Компанияның келешектегі жоспарлары мен стратегиялық міндеттері жайында «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов сұхбат барысында кеңірек баяндайды.
Бүгінгі таңда «KEGOC» акционерлік қоғамы Қазақстан тұтынушыларын сапалы және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін тұрақты және дамушы компания. Компания ұлттық экономикада маңызды стратегиялық рөл атқарады. Соңғы 25 жылдың көлемінде KEGOC отандық электр энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында бірқатар ірі ауқымды инвестициялық жобаларды табысты іске асырды. Компанияның келешектегі жоспарлары мен стратегиялық міндеттері жайында «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов сұхбат барысында кеңірек баяндайды - SK News.
– Нәби Еркінұлы, Сіз «KEGOC» АҚ басшылығы міндетіне биылғы жылдың тамыз айында кірістіңіз. Жалпы, KEGOC Ұлттық оператор ретінде еліміздің энергетикалық жүйесінің дамуына қаншалықты ниетті?
– Биыл «KEGOC» акционерлік қоғамының құрылғанына 26 жыл толды. Компания мемлекеттің негізгі электр энергетикалық активтерінің бірі саналады. Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы ретінде KEGOC мәртебесі ескерілген және компанияның басты миссиясы – энергия жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігін және озық дамуын қамтамасыз ету.
KEGOC 2035 жылға дейін Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) дамытудың кешенді пайымдау құжатын қабылдады. Ол отандық энергижүйесіне жоспарлы қуат көздерін қосуды, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) ауқымды көлемін қосуды қарастырады. Сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін электр торабының өткізу қабілетін қамтамасыз ету қажеттілігі және келешектегі өсу қарқыны ескерілген.
Жақын арада іске асырылатын ірі ауқымды жобалардың бірі – «Батыс Қазақстанның энергожүйесін Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен біріктіру. Электр желілік объектілерін салу». Аталмыш жоба Қазақстанның Батыс облыстарындағы энергия қауіпсіздігі мен энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, сондай-ақ, энергия теңгерімінде маневрлік генерацияны және Батыс өңірінің ЖЭК-нің елеулі ресурстық әлеуетін іске қосуға мүмкіндік береді.

Осы жылдың қараша айында KEGOC Батыс аймағының электр желілерін күшейту жобасын іске қосты. Осы жоба аясында KEGOC жалпы ұзындығы 780 шақырым болатын қуаты 220 кВ бес электр жеткізу желілерін салды, сондай-ақ қолданыстағы алты қосалқы станцияның қуаты 220 кВ-қа ұлғайтты және жаңа 220 кВ «Қарабатан» тарату қосалқы станциясын іске қосты.
Жобаны іске асыру нәтижесінде «Батыс Қазақстан энергетикалық торабы – Атырау» учаскесінде электр желілерінің өткізу қабілеті 100 МВт-тан 200 МВт-қа дейін, «Атырау – Маңғыстау» учаскесінде 50 МВт-тан 200 МВт-қа дейін артты. Яғни, Батыс өңірінде электр торабының сенімділігі екі есеге ұлғайды, өңірде апат ықтималдығы, дәлірек айтқанда ЖЭС, МАЭК электр станцияларындағы ірі энергоблоктардың авариялық ажыратылуы жағдайында тұтынушылардың жарықсыз қалу оқиғалары едәуір азайды.
Биыл күзде еліміздің Оңтүстік аймағында тағы бір маңызды инфрақұрылымдық жоба – «Қазақстан БЭЖ оңтүстік аймағының электр желісін күшейтуді» іске асыруға кірістік. Өңірде «Шу-Жамбыл-Шымкент» қалалары арасында 500 кВ екі желі салу, сондай-ақ осы қалалардағы қосалқы станцияларды кеңейту жұмыстары жоспарлануда. Жоба осы өңірдегі құрылысқа жоспарланған 5 ГВт көлемінде ЖЭК генерациясынан жаңа қуаттарды қосуға мүмкіндік туғызады.

Бүкіл әлемде және елімізде ЖЭК-ті ауқымды енгізумен ерекшеленетін энергетикалық ауысу процестері жүріп жатыр. Сала келешегі мен алға қойылған міндеттерді ескере отырып, KEGOC елімізде өндірілетін электр энергиясын тиімді жеткізуге мүмкіндік беретін жүйелерді алдын ала енгізіп келеді.
Компанияның қолданыстағы және салынып жатқан энергия объектілерінде қажетті элементтер енгізілуде, бұл өз кезегінде белсенді, бейімделгіш Ұлттық электр торабын құруға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, бұл релелік қорғау және автоматиканың микропроцессорлық құрылғылары, диспетчерлік және технологиялық басқару жүйесі (SCADA), электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ), өтпелі процестерді басқаруды мониторингтеу жүйесін (WAMS⁄WACS) енгізу және «БЭЖ жұмыс режимдерін басқарудың аварияға қарсы және режимдік автоматикасының орталықтандырылған жүйесін енгізу». Соңғысы өз кезегінде екі компоненттен тұрады. Бұл аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесі (ААОЖ) және жиілік пен қуатты автоматты басқару жүйесі (ЖҚАР).
Аталған заманауи «ақылды» технологияларды іске қосу еліміздің электр энергетикалық жүйесін жаңғырту жөніндегі міндеттерді шешуге көмектеседі.
Сөз кезегінде, жаңартылатын энергия көздерінен құрылатын электр энергиясының теңгерімсіздігін реттеу мәселесі өзекті болып қала беретінін атап өткім келеді. Маневрлік және резервтік қуаттарды дамытудан бөлек, электр энергиясын жинақтау жүйелерін енгізу қажет. Біз осы бағытта белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Осыған орай, биылғы жылдың қараша айында KEGOC және SPIC (State Power Investment Corporation) компаниясы қуаты 5 МВт-қа дейін жететін электр энергиясын жинақтау жүйесін (ЭЖЖ) орнату бойынша пилоттық жобаны іске асыруға келісімге отырды. Бұл жобаны іске асыру Қазақстанның энергожүйесі жағдайында ЭЖЖ-нің оңтайлы пайдалану функционалдық ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ЭЖЖ пайдалану және оларды елдің энергия жүйесіне қосу үшін қажетті нормативтік талаптарды әзірлеу жоспарланып отыр.

– Аталмыш жүйе жоғарыдағы жобаларды іске асыру нәтижесінде қалай өзгеретін болады?
– Осы және өзге де жобаларды іске асыру, ең алдымен, зияткерлік, теңдестірілген және жоғары технологиялық энергия жүйесін құруға мүмкіндік береді. Яғни, бұл Ұлттық электр торабын және өңірлік электр желілік компанияларды дамытумен қатар, Үкіметтің тапсырмасы бойынша KEGOC қатысуымен әзірленген Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына енгізілген маңызды міндеттердің бірі саналады.
– Отандық энергия жүйесі экономика өсімін ескере отырып, қазақстандықтарды тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті ме? Бұл бағытта талдау жұмыстары жүргізіле ме?
– Әрине, Жүйелік оператор Қазақстандағы электр энергиясын өндіру мен тұтыну көлеміне үнемі талдау жасап отырады. Осының негізінде болашақта қажетті қуат көлемін беретін, сондай-ақ жаңа тұтынушылар үшін жаңадан электр станциялары мен магистральдық желілік объектілерді салу қажеттілігі анықталады. Ағымдағы жылдың сәуір айында «KEGOC» АҚ-ның 2023-2032 жылдарға арналған даму жоспары (стратегиясы) бекітілген болатын, яғни біз келешекте осы құжатты ұстанатын боламыз.
– KEGOC стратегиясы нені қамтиды? Осы жайында толығырақ тоқталып өтсеңіз.
– Стратегиямен үш маңызды мақсат анықталған. Біріншісі, энергетикалық ауысу жағдайында БЭЖ-інің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Яғни, тұтынушыларды сенімді электрмен жабдықтау және желілердің қызмет көрсету қолжетімділігі мен дайындығы үнемі назарда болады, оның ішінде қарқынды дамып келе жатқан ЖЭК-ті интеграциялау және Қазақстанның зияткерлік энергия жүйесін құру үшін заманауи цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бар.

Екінші мақсат – ESG қағидаттарына сәйкес тұрақты дамуды қамтамасыз ету. Бұл энергетикалық ауысу жөніндегі жаһандық процестер мен Қазақстан экономикасының декарбонизациясымен, сондай-ақ жауапты инвестициялар, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, тиімді корпоративтік басқару мәселелерімен байланысты. KEGOC 2014 жылдан бері ашық компания болғандықтан, ESG қағидаттарына сай ашықтық пен жариялылық саясатын белсенді түрде ұстанады.
Үшінші мақсат – таза активтердің құнын арттыру. KEGOC үшін басты басымдықтардың бірі – қаржылық тұрақтылық. Қаржылық тұрақтылықты нығайту, рентабельді инфрақұрылымдық жобалар портфелін айқындау арқылы компанияның ұзақ мерзімді құнын өсіру бойынша жұмыстар жалғасады. Сондай-ақ инвестициялар тарту және тиімді дивидендтік саясат үшін жағдай туғызу үшін жүйелі жұмыстарды жалғастыратын боламыз.
– Энергия нысандарының 2023-2024 жылдың күзгі-қысқы кезеңіне дайындығы қалай? Электр жеткізу желілері мен қосалқы станцияларды жөндеу бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?
– Жалпы, жыл сайын Ұлттық электр торабының сенімді жұмыс істеуі үшін, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңнен сәтті өту үшін электр желілік объектілерді дайындау жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, КЕGОС электр жеткізу әуе желілерін және қосалқы станциялардағы жабдықтарды жөндеу-пайдалану жұмыстарын ауқымды көлемде жүзеге асырады. Бұл ретте қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға баса назар аударылады. Жөндеу-пайдалану жұмыстары аяқталғаннан кейін Жүйелік оператор уәкілетті орган беретін күзгі-қысқы кезеңнен өтуге дайындық паспортын алады.
Қазіргі кезде электр желілерін дайындау бойынша жөндеу жұмыстары толығымен жүргізіліп, сәтті аяқталды. Биыл 91 электр жеткізу желісінде және 27 қосалқы станция жабдығында барлық жоспарлы тиісті жұмыстар орындалды. Материалдардың, қосалқы бөлшектер мен конструкциялардың авариялық қоры толықтырылды, ЖЖМ жеткілікті қоры құрылды. «КЕGОС» АҚ-ның 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын растайтын паспорт 5 қазанда алынды.
– Жақында KEGOC акцияларын биржаға қосымша орналастыру науқанын жүзеге асырды. SPO нәтижелері қандай және Сіздің көңіліңіз тола ма?
– KEGOC акцияларын 2014 жылы Халықтық IPO бағдарламасы аясында нарықтық биржаға шығарғалы бері ашық компания саналады. Нәтижесінде компанияның 10% минус 1 акциясы еркін айналымға шықты.
SPO қорытындысы бойынша инвесторлардан жалпы сомасы 34,8 млрд теңгеден астам сомаға 50 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бұл орналастырудың жоспарланған көлемінен 1,5 еседен асып түсті. Жиналған өтінімдерді талдау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 22,6 млрд теңгеден асатын өтінімдерді қанағаттандыру туралы шешім қабылданды, яғни бұл сома жоспарланған SPO көлеміне сәйкес келеді. SPO-дан түскен қаражат республикамыздың Оңтүстік облыстарында электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретін Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймақтағы электр желілерін күшейту жөніндегі KEGOC-тың ірі ауқымды инвестициялық жобасын іске асыруға бағытталатын болады.
Акцияларды орналастыру көлемі бойынша бөлшек инвесторлар – 67%, институционалдық инвесторлар – 32%, шетел азаматтары – 1% болып бөлінді.
Түрлі деңгейдегі инвесторлардың тарапынан KEGOC акцияларына деген әртараптандырылған сұраныстың болуы компанияның жоғары инвестициялық тартымдылығын көрсетсе керек. Демек, Қазақстанда жаңа қуат көздерін жоспарлы енгізу, сондай-ақ реттеуші ортадағы өзгерістер аясында KEGOC-тың даму перспективаларына жалпы нарықтың сенімі жоғары екенін айғақтайды.
KEGOC шынымен де мінсіз дивидендтік тарихқа және отандастарымыздың бізге деген сеніміне ие. Бұл алға қойған барлық міндеттерді тиімді әрі ең жоғары көрсеткіштерімен орындау үшін ынталадырушы күш пен серпін береді.
Компания инвесторлардың салымын сақтау және арттыру бойынша жұмыстарды, сондай-ақ еліміздің энергия қауіпсіздігін сақтау және дамытуға бағытталған жүйелі жобаларды жүзеге асыруды әрі қарай жалғастырады. Ең бастысы, KEGOC жылдар бойы қалыптастырып келген ашықтығын сақтап қалатын болады.
– Сұхбатыңызға рахмет!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
118
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
116
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы