Главная Новости Нағыз спорт мерекесі: Елордада «Самұрық-Қазына» АҚ IX спартакиадасы өтті
29 қараша 2024, 13:22 43

Нағыз спорт мерекесі: Елордада «Самұрық-Қазына» АҚ IX спартакиадасы өтті

Нағыз спорт мерекесі: Елордада «Самұрық-Қазына» АҚ IX спартакиадасы өтті

Астанада 22-24 қараша күндері «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында IX спартакиада өтті. Таласты да қызықты са­йыс­тары барша қатысушыға жарқын көңіл күй сыйлаған аламан доданың Супер­ку­богін биыл «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жеңіп алды.

Жалпы, есептегі ең үздік коман­даға марапатты 800 метрге жүзуден 3-орын алған «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов табыстады. Екінші орынды «ҚазМұнайГаз» коман­дасы иеленсе, қола жүлдені «Самұрық-Энерго» құрамасы еншіледі.

«Спартакиада бұл жай ғана спорт емес, біздің қоғамдық өмір мен кор­поративтік мәдениетке қос­қан үлесіміз. Әріптестеріміз сайыс­ты, бақ сынасты, бірақ сыйлас­тық­тан ажырамады, нәти­жесінде достық жеңіске жетті. Осы орайда ІХ спарта­киа­даның Супер­кубок иелерін құт­тықтап қоюға рұқсат етіңіздер. Отбасы­ларыңыз­ға бақыт, бастарыңызға аман­дық тілеймін. Биіктерге бірге жете берейік, ел игілігі жолындағы еңбек­­теріңіз жемісті болсын!», деді жеңім­­паздарды құттықтаған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басшысы.

Бас төреші Петр Белый мен ардагер спортшы Серік Әбілғазиевтің ант беру рәсімінен басталған ауқымды шараға 15 компанияның 900-ге жуық қызметкері қатысты. «Самұрық-Қазына» – ел экономикасына қомақты үлес қосудан тыс, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке де ерекше мән беретін елдегі ең ірі жұмыс беруші. Оның компаниялары тобында бүгінде 250 мыңнан астам адам қызмет етсе, олардың 230 мыңы – өндіріс саласының жұмысшылары, ал 84 мыңнан астамы – жас маман.

Қордың тек денсаулықты жақ­сартып, корпоративтік рухты асқақтатып қана қоймай, кәсіби шебер­лік пен жұмыстың тиім­ді­лігіне де оң әсер ететін басты спорт шарасында 11 спорт түрінен 210 медаль сарапқа салынды. Жо­ға­рыда аталғандардан тыс, спартакиадаға «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қаз­пошта» АҚ, «KEGOС» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС, «Түркістан» БГҚ, «PSA» ЖШС, «Samruk United» құрама ко­ман­дасы қатысты. Еліміздің жетек­ші компанияларының спорт­шы­­­лары ең мықты атағын сарапқа салып, жеке спорт түрлері: үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, қол­ күрес, жүзу, командалық спорт түрлері: шағын футбол, волейбол, бас­кетбол, арқан тарту, асық ату, киберспорт бойынша өзара бақ сынады.

Белсенді әрі саламатты өмір салтын насихаттап, еліміздің бар­лық аймағынан «Спортқа «Иә!» де» ұраны аясында бас қосқан түрлі қызмет пен әртүрлі жастағы еңбек адамдары үшін нағыз мерекеге айналған дүбірлі жарыс барысында тұтас отбасылар жан­күйе­рлік танытты. Ата-әжелері мен ата-аналарына еріп келген балаларға бөлек, танымдық, ойын алаңқайлары ұйымдастырылды. Жеңісті сәттермен бірге жеңілістің дәмін татқандардың да жүзінен реніш байқалмады. Себебі өзара сыйластығы, бірлігі мен достығы жарасқан шараға қатысушылар өзінен бұрын басқалар үшін қуанып, қошемет білдірді командасы үшін барын салып, үзеңгілестерінің абыройы мен на­мысын қорғауды ойлады. Оның үстіне, Мемлекет басшысы келесі 2025 жылды «Жұмысшы маман­­дық­тар жылы» деп жария­ла­ғаны аян.

Фархад Нұрмұхамед, теміржолшы, волейболшы:

«Ұйымдастырушыларға рахмет айтамыз. Осының бәрі еңбектің арқасы. Күніне екі мезгіл жаттығу жасап отырдық. Жеңісімізге қуанып жатырмыз».

Татьяна Афанасьева, «Самұрық-Энерго» спорт әдіс­кері:

«Біз спартакиадаға дайын­дық­­­қа нақты бір уақытты белгілеп, жи­на­­лып отыр­дық. Көбіне ол кешкі уақыт. Басқа уақыт бізге ыңғайсыз. Себебі біздің қыз­меткерлер үш немесе екі ауысымда еңбек етеді».

Балмира Бекбосынова, «Бесасық» ойынының төрешісі:

«Биыл ойыншыларымыздың жақ­сы дайындалып келгені байқалады. Асығы алшысынан түскендердің арасында жаңа есімдер көбейді. Ұлттық спорт­ты ұлықтаған «Самұрық-Қазына» жарады».

Юрий Нуштаев, «QazaqGaz» спортшысы:

«Қол күрестен 2014 жылдан бас­тап қатысып жүрмін. Бұл спарта­киа­дадағы қар­сыластарым өте мықты болды. Сондықтан биыл үшінші орын алып қалдым».

Бекжан Тұртай, ҚТЖ киберспортшысы:

«Спартакиадаға киберспорт деген спортты қосқанына рахмет! Осы өткен үш күн ішінде «энергия» күшті болды».

Нұрдана Сәкенқызы, «Samruk united» құрамасы:

«Спартакиада өте керемет өтті. Алдағы уақытта да спортпен шұғылдануға зор ынта-жігер береді. Біз жұмыста отырғанда уақыттың қалай өтіп жатқанын байқап та үлгермейміз. Ал шын мәнінде спорт – өміріміздің маңызды бөлігі».

Бауыржан Төле, «Qazcloud» футзал құрамасының мүшесі:

«Бізге бұл жарыстың маңызы зор. Себебі жыл сайын қатысып жүрміз. Бұл іс-шараның ұйымдастырылуы да әрдайым жоғары деңгейде, бар­шаға қатты ұнайды. Бүгінгі жарыс­­қа үл­­кен дайындықпен келдік. Апта­сына 3 рет жаттығамыз. Сол еңбек­тің жемі­сін көрдік деп сенеміз».

Спорттық жетістіктерден басқа, спартакиада қайырымдылық, эко­ло­гия­лық бастамаларға да сеп бол­­ды. Әрбір қатысушы мен жан­күйер мектептерде инк­люзив­ті кабинет­­тер ашуға қаражат жинауға үлес қоса алатындай ақпараттық тақталарда арнайы QR-кодтар орна­­­ластырылды. Сонымен қатар ұйым­­дастыру алқасы қатысу­шы­­ларды «Таза Қазақстан» эко­ло­­гия­лық акциясы аясында қор­шаған ортаға қамқорлық танытып, таза­лық сақ­тауға, пластик өнім­дер­ді аз қол­дануға шақырды.

Басты құндылығы адам өмірі мен денсаулығы саналатын қор қа­ра­­мағындағы компаниялар тобынан тыс, ел көлемінде бұқаралық, инклюзивті спорттың қарқынды дамуына қолдау көрсетіп келеді. Оған дәлел, бүгінде бірыңғай қайы­рым­дылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы кейінгі бірнеше жылда өңірде 40-қа жуық қазіргі заманғы спорт кеше­ні мен ойын алаңы салынып, бұқара­­лық спортпен 90 мыңнан астам тұр­ғын, оның ішінде ауыл жастары қам­тылды.

Алдаберген КЕМПІРБАЙ 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: