Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ұлыстың ұлы мерекесі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде өз салтанатымен өтті. Компания бас директорының бірінші орынбасары Сюй Шиго, бас директордың геология және кенорындарын игеру жөніндегі орынбасары Дамир Шырақбаев мұнайшылар мен компания қызметкерлерін көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
«Наурыз – көктем мерекесі. Бұл – жаңа өмірдің, жақсылықтың, арман, үміттердің бастауы. Осынау мерекеде барлық тілек-ниеттеріңіз орындалсын. Ел экономикасын дамыту – «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының басты мақсаттарының бірі. Сондай-ақ кенорындарындағы мұнайшылардың еңбек етуіне жағдай жасау да біздің назарымызда. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, мол бақыт тілеймін», – деді Сюй Шиго.

«Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы болған Әз Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өңірдегі экономикалық тұрақтылықты сақтауға, компания қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға аса мән береді. Әрбір істің нәтижелі болуы білім мен күшке, тәртіпке негізледі. Осы қағидаларды компаниямыздың әр қызметкері, кенорындарындағы әр мұнайшы бұлжытпай ұстануының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп келеміз», – деді Дамир Шырақбаев.
Салтанатты шарада ел ырысын еселеуде талмай еңбек етіп жүрген мұнайшыларға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

«Мұнай-газ саласында жұмыс істеп келе жатқаныма отыз жылға жуықтады. Бүгін ерекше бір сезімде, жақсы көңіл-күйде тұрмыз. Азды-көпті еңбегімізді бағалап, мерейімізді өсіріп, марапаттап, осындай сый-құрмет көрсетіп, мерекелік кеш ұйымдастырған компания басшылығына алғыс айтамын», – деп тілек білдірді Жетібай май құю стансасының үшінші дәрежелі операторы Сәуле Төлегенова.
Салтанатты шарадан соң компания қызметкерлеріне өнерпаздар мерекелік концерт ұсынды. Құлақтан кіріп бойды алған әуезді ән, күмбірліген күй жұртшылықты мәз-мейрам етті.
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
77
18 ноября 15:30
АлЭС растит чемпионов: слесарь-энергетик покоряет пьедестал Азии
85
18 ноября 15:04
КТЖ усиливает позиции Казахстана как ключевого транзитного хаба между Китаем и Европой