Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының ұжымы көктемнің шырайлы мерекесі – әз-наурызды қарсы алды. Алдымен басқарма ғимаратында мерекеге орай өткізілген спорт жарыстарының жеңімпаздары марапатталды. Адал еңбек пен салауатты өмір салтын серік еткен жұмысшыларға арнайы кубоктар, Алғыс хаттар мен қаржылай жүлделер табысталды.
Мерекелік шарада «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының басшысы Болат Сейітмағамбетов, «Жетібаймұнайгаз» Кәсіподақ ұйымының төрағасы Бекес Құлмұрынов мұнайшыларды Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Жыл сайын Жетібай кенорында Амал мерекесі, Ұлыстың ұлы күні айрықша аталып өтеді. «Жетібаймұнайгаз» ұжымын, мұнайшыларды, қазақ елін наурыз мерекесімен құттықтаймын. Наурыз мерекесі бірлік пен тыныштық ала келсін. Ақ мол болсын», – деді Болат Сейітмағамбетов.

Мерейлі мерекеде алдыңғы буын ардагер-мұнайшылар да сый-құрметке бөленді.
«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының басшылығы еңбек ардагері деп сый-құрмет көрсетіп, мерейімізді асырып жатыр. Шын пейілмен алғыс білдіремін. Елу жылға жуық осы кенорында жұмыс істедік. «Жетібаймұнайгаз» мекемесінің еліміздің байлығын молайтудағы үлесі зор ғой. Амал мерекесі құтты-берекелі болсын. Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын», – деді еңбек ардагері Мұратбай Жақсығатов.
Мерекелік шара Асар кенорнында жалғасып, мұнайшылар әз-наурызды басқарма басшылығымен бірге ізгі тілек, ақ пейілмен қарсы алды. Қара алтынның қазанын қайнатқан еңбекшілер ұжымы өзара көрісіп, Амал мерекесімен астасқан Ұлыс күнімен құттықтап, тілектерін айтты.
Сахна төрінде мұнайшыларға әннен маржан, жырдан шашу шашылды. Белгілі жыршы, мәдениет қайраткері Амандық Көмеков, Оспан Құлсымақ, Ғалымжан Жолдасбай сынды елімізге танымал өнер жұлдыздары мереке шырайын келтіріп, жұртшылықтың көңілін көтерді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!

57
14 ноября 19:22
Рационализаторы АлЭС повышают эффективность производства
100
14 ноября 16:20
Зияда Шалбаева вошла в число 60 женщин-лидеров Казахстана в проекте «Tomiris»