Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу арасында кездесу өтті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.
Меморандумға қол қоюдың негізгі мақсаты - экономика салаларын цифрландыру, адам капиталын дамыту және инновациялық экожүйені құруда - өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту. Ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, сондай-ақ университеттің студенттері мен түлектеріне тағылымдамаларды ұйымдастыру Қор мен университеттің өзара ынтымақтастығы арқау болмақ.
«Біздің көмегіміз маңызды, өйткені Назарбаев университеті мен «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның білім және экономика локомотиві ретінде танылуда»,- деді Ахметжен Есімов.
«Самұрық-Қазына» АҚ мен Назарбаев уиверситеті арасында жасалған келісім Қордың компаниялар тобының кадр саясатын қолдауға және үздік жас мамандарды іріктеп алу арқылы дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар, Ахметжан Есімов Қордың штатына жас әрі дарынды мамандарды іріктеуге мүмкіндік берген «Цифрлық жаз-2018» бағдарламасына тоқталды.
«Тестілеу және сұхбаттасу кезеңінен соң 72 үміткер Қордың компаниялар тобына тағылымдамадан өтуге шақырылды. Бүгінгі таңда өзін көрсете білген 33 жас маман жұмысқа орналастырылды. Олардың екеуі - Назарбаев университетінің түлектері», - деп атап өтті Басқарма төрағасы.
Қордың алдағы онжылдық Даму стратегиясына сәйкес, негізгі корпоративтік басқару және тұрақты даму негізгі бастамалардың бірі болып есептеледі.
Айта кеткен жөн, Елбасының биылғы Жолдауында білім беруге экономиканың жеке саласы ретінде көңіл бөлінуі керектігі нұсқалған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
27
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
178
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде