Главная Новости Негізгі жабдықтарды жаңарту теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсартты
28 қаңтар 2025, 13:34 560

Негізгі жабдықтарды жаңарту теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсартты

Негізгі жабдықтарды жаңарту теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсартты

Былтыр «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалында негізгі қорды жаңарту бойынша бірнеше инновациялық жобалар жүзеге асырылды. Бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде атқарылып, нәтижесі теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсартуға айтарлықтай әсерін тигізді.  

Соның ең негізгісі – автопаркті жаңарту бойынша атқарылған жұмыстар. 2024 жылы Жамбыл магистральдық бөлімшесіне  «DONGFENG» маркалы 14 автомобиль, қалпына келтіру пойызына арналған 1 четра Т-35 бульдозері және 1 МПТ-6 мотовозы сатып алынды.  

Сондай-ақ филиалға қарасты жол дистанциялары  шағын механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, 29 портал краны, 10 рельсті бұрғылау станогы, 13 рельсті кесу станогы, 36 шпал нығыздағыш алынып, таратылды.  Кеңсе жабдықтары да жаңартылды,  18 ноутбук, 6 әмбебап компьютер, жүйелік блок, тағы басқалар алынды.    

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мейрамбек Кенжебаев өткен жылы атқарылған жұмыстарды кеңінен айтып берді:

– Теміржол желісінің тиімді жұмыс істеуі, технологиялық даму және инновациялар арқылы қамтамасыз етіледі десек, біздің бөлімшеде  инфрақұрылымды жаңғырту бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Яғни теміржол инфрақұрылымын модернизациялау жобасы аясында бірнеше инновациялық шаралар жүзеге асырылуда. Негізгі бағыттардың бірі – ағаш шпалдарды темірбетон шпалдарға ауыстыру жобасы аясында соңғы бес жылда 192,64 км жолға 242 556 жаңа темірбетон шпалдары төселіп, пойыздар жылдамдығын арттыруға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мүмкіндіктер артты. Былтыр 9,5 шақырымды құрайтын жолдарда күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал  Алайғыр және Көктөбе станцияларында жаңа бағыттамалы қылталар салынды, – дейді Мейрамбек Сермағанбетұлы.    

Филиал директорының айтуынша, еңбек өнімділігін арттыратын инновацияның  бірі – желілік аппараттық залдар. Өткен жылдары Сарышаған, Шығанақ, Шу, Түрксіб, Тараз станцияларында желілік-аппараттық залдар іске қосылып, өңірлік байланыс тораптарын жаңғырту жүргізілген. Онда бағдарламалық-аппараттық жабдықтар кешендері пайдалануға берілген. 19 станциядағы модульдік контейнерлерге КТСМ бекеттік жабдығы қойылып,  қозғалыс қауіпсіздігін бақылауда көп функцияны қатар атқаратын мұндай техникалық құралдар теміржолшылар жұмысын жеңілдетіп отырғанын жеткізді.    

Өткен жылы Жамбыл – Жаңатас учаскесіндегі жолды жөндеу, «Бірлік-2» станциясын қалпына келтіру жұмыстары басталғаны белгілі. Жаңатаста бағыттамалық бұрмалар ауыстырылып, Бірлікте  29 мың текше метр жолға қиыршық тас төселіп, темірбетонды бағыттамалы бұрмалардың 32 жаңа жиынтығы салынған. Бұл екі нысанда құрылыс жұмыстары биыл да жалғасуда.

Теміржол инфрақұрылымын жақсарту, жаңа технологияларды енгізу және еңбек жағдайларын оңалту – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен пойыздар жылдамдығын арттырудың негізі десек,  Жамбыл бөлімшесінде жүргізілген жұмыстар оған толық мысал болмақ.    

Ардақ Үсейінова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: