Главная Новости Несие шартына қол қоярда неге мән беру керек?
Маңызды24 маусым 2021, 09:00 221

Несие шартына қол қоярда неге мән беру керек?

Несие шартына қол қоярда неге мән беру керек?

Қаржы мамандары қарыз алу шартына қол қояр алдында шарт мәтінімен мұқият танысуға кеңес береді, деп жазды Информбюро.

Қазіргі таңда проблемалық кредиттер мен қарыздар санының артуының басты себебі – шарттағы міндеттемелердің орындалмауы.

"Әдетте, қарыз алушылар несие шартын жасарда оның баптарымен толық таныспайды. Ал төлем уақыты келген кезде не оны кешіктірген жағдайда қарыз беруші мен оны алушы арасында түсінбеушіліктер туып жатады", – дейді қаржы маманы Әсем Махмутова.

Оның түсіндіруінше, қарыз алған адам несие шартына қол қойған кезде қарыз беруші банктің не микрокредиттік ұйымның шартта тізілген барлық баптарымен келіседі деген сөз. Рас, қарапайым адамдар үшін шарттың мәнін түсініп оқу қиындау және жалқықтырады. Осы орайда, Әсем Махмутова шарттың негізгі бес тармағына ерекше мән беруге кеңес береді. Олар:

  • Қарыздың сомасы мен мерзімі;
  • Сыйақы мөлшерлемесі;
  • Төлем саны мен оның тәртібі;
  • Артық төлем сомасы;
  • Тараптардың құқықтары мен міндеттері.

"Туындаған сұрақтарды шартқа қол қоймас бұрын қою қажет. Кейін кеш болады. Өйткені, қол қойылғаннан кейін шарт заңды күшіне енеді. Банк не микрокредиттік ұйым қызметкерінің сіздің шартпен асықпай танысуыңызға, сұрақтарға толық жауап алуыңызға кедергі келтіруіге құқығы жоқ", – дейді қаржы маманы.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: