Главная Новости New Silk Way форумында теңіз және су жолдары талқыланды
06 қазан 2023, 08:33 1150

New Silk Way форумында теңіз және су жолдары талқыланды

New Silk Way форумында теңіз және су жолдары талқыланды

Астанадағы  New Silk  Way  VI  халықаралық  көлік-логистикалық бизнес форумы аясында ұйымдастырылған панельдік сессиялардың бірі еліміздегі порттардың әлеуетіне арналды. «Теңіз және су жолдарындағы сауда ағындары» тақырыбында өткен сессияға қазақстандық және шетелдік порт басшылары қатысып,  Каспий теңізіндегі порттар мен терминалдарды және кеме қатынасын дамыту жайы талқыланды.  

Отырыс модераторы  «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов  пен «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев екі порттың қазіргі даму жағдайынан кеңінен мәлімет берді. Әсіресе Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамытуда маңызды рөл атқаратын Ақтау портын дамыту перспективалары туралы тың деректер келтірілді.  

– Бүгінгі таңда Ақтау порты кең ауқымды қоймалық аудандары бар көп мақсатты заманауи терминалдарымен ерекшеленеді, бұл жүктердің сенімді сақталуын қамтамасыз етеді. Техникалық параметрлері мен бизнес-процестері жағынан Ақтау порты халықаралық стандарттарға сай келеді. Ал порттың техникалық жабдықталуы жүктердің көптеген номенклатурасын өңдеуге септік етеді. Биыл 9 айда порт арқылы жүктердің жалпы тасымалдану көлемі 3 млн 386 мың тоннаны құрап, бұл былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 22 пайызға артық болды. Осы жылы 17 316 ЖФЭ контейнер тасымалданса, соның ішінде 12 310 ЖФЭ ТХКБ бойынша өткізілді. Жалпы Еуразия құрлығында контейнерлік тасымалдың болашағы зор. Қазіргі таңда Ақтау портында контейнерлік хаб құру бойынша жұмыстар басталып, арнайы бизнес-модель жасалып та үлгерді, – дейді А.Түрікпенбаев.  

Расымен аталған порттағы контейнерлік хаб жобасының жүзеге асырылуы Каспий маңы және Орталық Азия елдері үшін порт аумағында контейнерлік парк құруға мүмкіндік береді. Мұнда контейнерлерді түсіріп тиеу, қоймалық қызметтер, теміржол тұйықтары, жөндеу цехтары және тағы басқа қызметтер көрсетіледі. Порт басшысының айтуынша, контейнерлік хабтың құрылысын 2025 жылы аяқтау көзделуде. 2023-2024 жылдары порттың жүк ауыстырып тиейтін паркі озық қосымша техникалармен жарақтандырылады. Құрғақ жүктер мен контейнерлерді тасымалдау үшін қуаттылықты арттыруда №3 айлақты ұзарту және 12 айлақты қайта құру жолымен қосымша айлақтар құрылысын салу жобасы жүзеге асырылмақ. Одан басқа порттың қуаттылығын арттыруда мұнай құю инфрақұрылымының қуатын қалпына келтіру мәселесі қарастырылуда.

Осылайша порттың контейнерлік және басты жүктерді тасымалдау бойынша өткізгіштік қабілеті жылына 3,8 млн тоннаға дейін оның ішінде 200 мың ЖФЭ-ге дейін арттырылады. Ал мұнай құю қуаты жылына 12,7 млн тоннаға дейін жеткізіледі. Құрғақ жүктер үшін айлақ қабырғасы ұзындығын 750 метрге дейін ұзарту мұнда бір мезгілде 5 кемені қоюға септік етеді. А.Түрікпенбаев сонымен қатар цифрландыруда қол жеткен жетістіктерге де тоқталып өтті.  

Сол сияқты Құрық портының да бүгінгі даму перспективасы сөз болды. Жиында сөз алған ҚР Көлік министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов Құрық портын ірі сауда логистикалық хаб ретінде құру көзделіп отырғанын жеткізді. Құрықта қазірдің өзінде қазақстандық компаниялар араб кәсіпорындарымен бірлесе астық терминалының құрылысын бастаған.  

– Порт инфрақұрылымын дамытудан бөлек жеке сауда флотын құруға да ерекше көңіл бөлінеді. Біз қазіргі таңда «Өзіміздің жүк. Өзіміздің порт. Өзіміздің флот» қағидаты бойынша дамып келеміз. Қазір осы бағытта бірнеше шетелдік компаниялармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет тарапынан инфрақұрылымды дамытумен қатар қауіпсіздік мәселесіне де баса назар аударылады. Сонымен қатар келесі жылы теңіз порттарындағы құжат айналымы бойынша электронды жүйенің ұлттық сегменті жобасын жүзеге асыру жоспарлануда, – деді Қ.Тілепов. 

Ол сондай-ақ көрші Ресеймен, Қытаймен теңіз бассейні әлеуетін тиімді пайдалану бойынша басқа да өзекті мәселелер шешімі қарастырылып жатқанын жеткізді. Бұл үшін Қазақстанда барлық мүмкіндіктер бар. Еліміздің кеме өткізетін шлюздері кеме қатынасын кедергісіз жүргізуге толықтай дайын. Ресейге тасымал көлемін 2-2,5 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ал Қытаймен мультимодальды тасымалды 1 млн тоннаға көбейту көзделуде. Сессия отырысында Қазақстандағы және Грузия мен Латвия елдерінің, Орталық Азия мен Кавказ елдерінің осы саладағы мамандары сөз алып, порттар арқылы транзиттік тасымалды дамытуға  қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын  білдірді.  

Райхан Рахметова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: