Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚТЖ өкілдері «New Silk Way» VI Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумына қатысты. Іс-шара Астанада Қазақстанның көлік апталығы кезінде өтті. Қазақстандық және шетелдік салалық министрліктердің, жетекші компаниялардың мыңнан астам өкілдері, сарапшылар көлік-логистика саласында болып жатқан трансформациялар мен қалыптасқан трендтер мәселелерін талқылады.
Панельдік сессияларда қатысушылар Орта дәліздің болашағы, мультимодальды тасымалдау саласындағы инновациялар және жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру туралы талқылады.
Қазақстанның темір жолдары бойынша транзитке жоғары сұраныс байқалды. 2023 жылдың 8 айында транзиттік жүк айналымы 25,0 пайызға өсіп, 35,8 млрд тонна-километр неттоға жетті. Контейнерлік транзит 26% артты. Транскаспий халықаралық бағдары бойынша өсіп келе жатқан тасымалдарға баса назар аударылды. 2023 жылдың басынан бастап маршрут бойынша тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85% ұлғайып, 1,7 млн тоннаны құрады.
Жүк ағынының ұлғаюын қамтамасыз ету үшін ҚТЖ Қазақстанның инфрақұрылымын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жаңа темір жолдарды салу және қолданыстағы темір жолдарды жаңғырту (Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал, Алматының айналма жолы), Қытаймен үшінші шекаралық өткелді (Бақты – Аягөз) ашу, теңіз және құрғақ порттар терминалдарын салу және жаңғырту.
Үш жыл ішінде ҚТЖ шамамен 1300 км жол салуды жоспарлап отыр. Бұл елдің көлік әлеуетін едәуір арттыруға, экспорттық өнімді тасымалдау тиімділігін жақсартуға және ел бойынша пойыздар жылдамдығын көтеруге мүмкіндік береді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
101
30 марта 16:51
Павлодарская железнодорожница открыла современную арт-выставку «Құрақ үні»
166
26 марта 18:50
ҚР Премьер-министрі «Түркістан БГҚ» құрылысының барысымен танысты
174
26 марта 16:52
Спартакиада АлЭС: энергия команды в ритме Наурыза