Главная Новости Нидерландтар Жоғарғы соты KMG Kashagan-дағы акцияларға тыйым салудың күшін жоюды растады
25 қыркүйек 2023, 09:46 1128

Нидерландтар Жоғарғы соты KMG Kashagan-дағы акцияларға тыйым салудың күшін жоюды растады

Нидерландтар Жоғарғы соты KMG Kashagan-дағы акцияларға тыйым салудың күшін жоюды растады

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ Нидерландтар Жоғарғы сотында сомасы 4 млрд АҚШ долларына тең KMG Kashagan B.V.-дағы акцияларына байланысты Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom S. A. және Terra Raf Trans Trading Ltd (Стати) қарсы іс жүргізуде түпкілікті жеңіске жетті.

2022 жылғы маусымда Гаага Апелляциялық соты Статидің Қазақстан Республикасына қарсы алған төрелік шешімді орындау мақсатында қойған Самұрық-Қазынаға тиесілі KMG Kashagan B.V.-дағы акцияларына салынған тыйымның күшін жойды.  

Әділет министрлігі Самұрық-Қазынамен бірлесіп, қордың мүлкін өндіріп алудан иммунитетке ие екендігін дәлелдейтін маңызды дәлелдер ұсыну бойынша кешенді жұмыс атқарылды.

2023 жылғы 22 қыркүйекте Жоғарғы сот Статидің бұл шешімге шағымын қабылдамады, бұл акциялар әдеттегі халықаралық құқыққа сәйкес орындалудан иммунитетке ие болғанын растады.

Жоғарғы Сот «Статидің шағымы Апелляциялық соттың шешімін қате түсіндіруге негізделген және сот Самұрық-Қазынаның жарғылық мақсатын шешуші деп санады және Қордың нақты қызметін елемеді деген болжамнан туындады.

Бұл ретте, Жоғарғы сот Апелляциялық сот дұрыс қорытындыға келгенін: Стати Самұрық-Қазына акциясының коммерциялық айналым объектісі ретінде тағайындалуын дәлелдей алмады деп атап өтті».

Әділет министрлігі шетелдік юрисдикцияларда мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: