Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы мен 200 жуық теміржолшы жұмылдырылды.
Жамбыл ЖТ бөлімшесі Мойынты – Сарышаған учаскесінің Новалы станциясында пойыздар қозғалысы толық қалпына келтірілді. Жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы мен 200 жуық теміржолшы жұмылдырылды. Оқиға орнында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның арнайы құрылған комиссиясы жұмыс істеп жатыр.⠀
Теміржолшылар тәулік бойы жұмыс істеп, штаттан тыс жағдайдың салдарын жедел жойды. Апаттан бірнеше сағат өткен соң, бір жолмен пойыздар қозғалысы ашылды. Барлық теміржол бөлімшелерінің үйлесімді жұмысы қысқа мерзімде пойыздардың қозғалысын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.⠀
Жолдан шығып кету себебі - ресейлік вагон бүйір рамасының сынуы. Тексеру қорытындысы бойынша келтірілген залал үшін өтем кінәлі тарапқа белгіленген тәртіппен талап етілетін болады.