Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарына барып, станцияларды жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді. Жұмыс сапары барысында құрылыс алаңдары тексеріліп, жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Алматының Алатау ауданында орналасқан ЖЭО-2 – қаланың энергетикалық инфрақұрылымындағы негізгі нысандардың бірі әрі мегаполистегі жылу энергиясының ең ірі көздерінің бірі. Станция қаланың едәуір бөлігін жылумен қамтамасыз етеді. Сондықтан оны жаңғырту жұмыстары жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жаңғырту аясында ЖЭО-2-ні табиғи газға көшіру станцияның қоршаған ортаға әсерін де айтарлықтай азайтады. Жоба аяқталғаннан кейін зиянды шығарындылар көлемі жылына 37,3 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін, яғни шамамен 14 есеге төмендейді. ЖЭО-2-ні жаңғырту жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады.
Сонымен қатар, Нұрлан Жақыпов Алматы облысының Іле ауданындағы ЖЭО-3 нысанын да аралап көрді. Станцияда қуаты кемінде 450 МВт болатын бу-газ қондырғысы салынып, тозған жабдықтар жаңартылады.
Сапар қорытындысы бойынша Нұрлан Жақыпов бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуі және нысанның уақтылы пайдалануға берілуі қажеттігін ерекше атап өтті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!