Главная Новости Нұрлан Жақыпов CITIC Group, CGN және CNPC компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді
25 сәуір 2024, 09:30 556

Нұрлан Жақыпов CITIC Group, CGN және CNPC компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді

Нұрлан Жақыпов CITIC Group, CGN және CNPC компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді

Citic Group – қаржы, банк, сақтандыру қызметтерімен, өнеркәсіп, құрылыс, энергетика, көлік және телекоммуникация салаларына инвестиция салумен айналысатын Қытайдың ірі мемлекеттік конгломераты.

2022 жылы Fortune Global 500 компаниялардың халықаралық рейтингінде компания 102-ші орынға ие болды.

CGN – атом энергиясы саласындағы ең ірі компания. «Қазатомпром» және CGN – Қытайдың атом электр станциялары үшін табиғи уранды жеткізу саласында 20 жылға жуық ынтымақтасып келеді, сондай-ақ Қазақстандағы «Семізбай» және «Орталық» кен орындарын бірлесе дамытуда.

Бұдан бөлек, Өскемендегі жылу бөлгіш құраманы өндіру жобасы екі ел арасында жоғары технологиялық өндірістер жүзеге асып жатқанын дәлелдейді.

CNPC - ең ірі мемлекеттік мұнай-газ корпорациясы. Компания мұнай және газ кен орындарын барлаумен және игерумен айналысады. Қытай нарығындағы оның үлесі шикі мұнай бойынша 60%, табиғи газ бойынша 73,4% және мұнай өнімдері бойынша 41% құрайды. Қазақстанда компания «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ кәсіпорнымен бірлесе жұмыс істейді, «Жаңажол», «Кеңқияқ тұз асты», «Северная Трува», «Кеңқияқ тұз үсті» және тағы басқа кен орындарын игереді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: