Главная Новости Нұрлан Жақыпов Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті
08 қазан 2024, 10:36 387

Нұрлан Жақыпов Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті

Нұрлан Жақыпов Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті

Кездесуге Қордың портфельдік компаниялары мен «Самғау» ҒТБО өкілдері (қаржыландыру үшін ғылыми жобаларды іріктеумен айналысатын, «Самұрық-Қазынаға» қарасты коммерциялық емес ұйым) қатысты.

 

Тараптар Қордың компаниялар тобының ғылыми жобаларын қолдау және әртүрлі салалар бойынша тапшы мамандарды даярлау жөнінде талқылады. Қазіргі уақытта Қорда энергетика, мұнай-химия, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және тағы басқа салалар бойынша мамандардың жетіспеушілігі байқалады.

Сондай-ақ, 2024 және 2025 жылдары Қазақстанның әртүрлі қалаларында бірнеше технологиялық сессияларды (хакатондар) өткізу жоспарланып отыр.

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру

Ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселесіне келсек, 2024 жылдың қыркүйегіне дейін «Самғау» ҒТБО қаржыландыру үшін жіберілген 127 өтінімнен 15 жобаны таңдады.

Оларды «Самұрық-Қазына» және министрліктің қатысуымен Қордың кәсіпорындарында қолданысқа енгізу жоспарланған. Мысалы, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС күкірт қалдықтарын қолданудың тиімді жолын тауып, одан жәндіктермен күресетін құрал өндірмек.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: