Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чон Кванмен, сондай-ақ Hyundai Engineering компаниясының президенті әрі бас директоры Чжу У-Чжонмен кездесті.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Тараптар мұнай-газ, энергетика және тау-кен металлургиясы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударды. Сонымен қатар мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық пен перспективалы жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы іске асырып жатқан Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауытын салу жобасына ерекше назар аударылды. Жобаның қуаты жылына 5 млрд текше метр газды құрайды. Hyundai Engineering аталған жобаға EPC мердігері ретінде қатысады.
Нұрлан Жақыпов Қазақстанның газ саласын дамыту, газ өңдеу көлемін арттыру және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін жобаның стратегиялық маңызын атап өтті.
Hyundai Engineering – инженерлік-техникалық жобалау және құрылыс саласында қызмет көрсететін компания, Hyundai Engineering & Construction компаниясының еншілес ұйымы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!