Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Нұрлы жол» теміржол вокзал кешенінде «Қазақстанның ұлттық қазынасы» әлеуметтік-мәдени жобасының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға ҚР Көлік вице - министрі Мақсат Қалиақпаров, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов, "ҚТЖ "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Алдыбергенов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, ҚР Ұлттық спорт түрлерінің президенті Исламбек Салжанов, көшпенділер ойындары бойынша 5 дүниежүзілік спорт түрлеріне дайындық және оны өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Абылай Кондыбаев және т. б. қатысты.
Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Магистральдық желі дирекциясы» бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Нұрлы жол» вокзал кешенінің «TCS Engineering» ЖШС басқарушы компаниясы және «MYD Production» ЖШС жарнама операторының қатысуымен іске асырылды.
Жобаның ғылыми тұжырымдамасы мен дизайнерлік шешімін ҚР Ұлттық музейінің ұжымы әзірледі.

Бүгінгі таңда ҚР Ұлттық музейінің қор коллекцияларынан тарихи-мәдени мұра үлгілеріне кәсіби түрде визуализация жасалып, «Нұрлы жол» кешенінің күту залдары 40 ақпараттық модульмен безендірілді. Ақпараттық модульдер сериясы 3 тілде ұсынылған және келесі тақырыптық бөлімдерден тұрады: «Ұлы Жібек жолы», «Ұлық Ұлыс», «Қазақ хандығы», «Қазақтардың рухани әлемі», «Қазақ халқы салт-дәстүрлерінің даналығы», «Қазақстан табиғаты», «Қазақ тағамдарының философиясы».
«Қазақстанның халық қазынасы» жобасы Қазақстан темір жолының 120 жылдығы мен ҚР Ұлттық музейінің 10 жылдығы, сондай-ақ ҚР Конституциясы күніне және Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге орайластырылды. Ұйымдастырушылар бұл экспозиция елорда жолаушылары мен қонақтарының назарын аударып, қазақ мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік береді деп санайды.
Күту залдарында отандық суретшілер туындыларының үзінділерін, музей экспонаттарының суреттерін көріп, маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар, қазақ халқының материалдық және рухани әлемі туралы ақпаратты білуге болады.

Мәдени құндылықтарды дәріптеудің бұл тәжірибесі мәдени ортаны қалыптастырудың, қазақстандықтардың өзіндік ерекшелігі мен тарихи жадын сақтаудың тиімді тәсілдерінің біріне айналатынына сенеміз.
Мемлекеттік құрылымдардың, ұлттық компаниялардың және бизнес-қоғамдастықтың өзара іс-қимылы еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтей отыра, қоғамның әлеуметтік-жауапты мүшесі ретінде миссиясын лайықты жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
68
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
77
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы