Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Іс-шараның мақсаты - халықаралық инвесторлар мен әлеуетті бизнес-серіктестерге Қазақстандағы бірлескен жоба, инновациялар мен технологияларды дамыту мүмкіндіктерімен таныстыру. Оған Citigroup, Franklin Templeton, Blackstone, JP Morgan, Temasek , MasterCard, Cerberus CapitalManagement және басқа да әлемдік қаржы нарығының негізгі ойыншылары, инвесторлар мен қорлар қатысты. Қатысушыларға Қазақстанның экономикалық даму барысы, оның әлеуеті мен жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жайлы «Самұрық-Қазына», Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, «Байтерек» холдингінің басшылығы таныстырды.
Дөңгелек үстел барысында Қор қызметі туралы ақпарат берілді. «Самұрық-Қазына» АҚ басқаруындағы активтер көлемі бойынша топ-25 тәуелсіз қор қатарына кіреді. 2024 жылы EBITDA 10,5 млрд АҚШ долларын құрады, ал таза пайда 5 млрд АҚШ долларынан асты», - деді Нұрлан Жақыпов.

«Самұрық-Қазына» басқаруындағы еншілес компаниялар мұнай-газ, көлік және логистика, байланыс, тау-кен өнеркәсібі, энергетика және химия өнеркәсібі сынды стратегиялық маңызды салаларда жұмыс істейді. Іс-шарада Топтың еншілес компанияларының IPO және SPO нәтижелері де талқыланды. Осылайша, қор басшысы акциялары биржада сатылатын «Қазатомпром» және «Эйр Астана» ҰАК туралы, сондай-ақ биыл қолайлы нарықтық конъюнктура жағдайында IPO-ға шығару жоспарланып отырған «Қазақстан темір жолы» әлеуеті жайлы айтып берді. Негізгі мақсаттардың бірі - басқарудағы активтер құнын арттырып, тікелей шетелдік инвестиция тарту жұмысын жалғастыру деп атап өтті Жақыпов.
Дөңгелек үстел Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігімен бірлесіп, Citi-дің қолдауымен ұйымдастырылды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы