Главная Новости Оқымысты мұнайшы
09 тамыз 2021, 10:52 786

Оқымысты мұнайшы

Оқымысты мұнайшы

Қаражанбаста өзі өндірісте жүрсе де, жүрегі әдебиет пен мәдениет деп соғатын жұмысшы бар. Қазбек Тажбенов ұжымда кітапты ең көп оқыған мұнайшы десек артық айтпағанымыз болар. Ол шамамен 10 жасынан бері қазақ және әлем әдебиетімен сусындап келеді. Содан бері өзін рухани байытуды мақсат еткен Қазбек бірнеше мың кітапты тауысқан. Қазір оның жеке кітапханасының қоры 3 мың кітаптан асады.

«Ес білгелі кітап оқу менің ең сүйікті ісім. Бала кезімде жинаған тиыным жетпей «Көшпенділер» трилогиясын кітап сататын сөреге барып, бөліп оқығанмын. Оқиға желісіне қызыққаным сонша, сол сөреге 1 ай бойы барыппын. Кішкентай бала болсам да, қызығушылығымның басымдығына талай адам таңдай қаққан», – деп Қазбек бала күнгі қызықты қылығын еске алды.

Қаражанбаста 10 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейтін Қазбек Тажбенов кен орнындағы кітапхананың тұрақты оқырманы. Жұмыстан босай сала кітапқа бас қоятын ол, барлық мәдени шаралар мен әдеби кештердің, кездесулердің белсенді қатысушысы. Бұдан бөлек ел басына күн туған пандемия кезінде де әріптестерімен жұдырықтай жұмылып, ел игілігі үшін пайдаланатын медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге қол ұшын созған.

«Мен үшін тұтас әлемнің қызығы ешқашан таусылған емес. Сондықтан болар тіршілік басталғалы бері Адам ата мен Хауа анадан бастап, тәуелсіз Қазақстанның дербес ел болғанына дейінгі аралықтағы тарихын іздеп, оқып, таныстым. Оған қоса Әнес сахабадан бастап Майқы биге дейін созылатын қызықты әңгімелерді жадыма тоқыдым. Білім адамға көптік етпейді. Ал кітап оқу ой-өрісті, тіл байлықты дамытады», – дейді Қазбек.

Көрген-түйгенін үнемі ой елегінен өткізіп жүретін мұнайшы ақ қағаз бен қара қаламды серік етіп, ішкі толғаныстарын шумақтар арқылы шығарады. Оның өлеңдері талай байқауда үздік деп танылып, жұртшылықтын жүрегінен орын тапқан. Сан мың аңыз бен шығарманы жатқа білетін жұмысшы кез келген адаммен тақырып талғамай сұхбаттаса алатын қасиетке ие. Сондай-ақ кітапқұмар Қазбек білім мен ізденіс таразыға түсетін бәсекелерде шашасына шаң жұқтырмаған жүйріктердің бірі. Жан жақты білімді азаматтың қара алтын игеру саласында қызмет ететіні Қаражанбас үшін зор қуаныш!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: