Главная Новости Олжас Бектенов Ақтөбе рельс-арқалық зауытына барды
24 қыркүйек 2024, 13:41 360

Олжас Бектенов Ақтөбе рельс-арқалық зауытына барды

Олжас Бектенов Ақтөбе рельс-арқалық зауытына барды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Ақтөбеге жұмыс сапары барысында аймақтағы ірі өндіріс орны – Рельс-арқалық зауытына барды. Олжас Бектенов өңірдің өнеркәсіп, логистика саласын аралап, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысқан Үкімет басшысы өндіріс локализациясын тереңдетуді тапсырды.  

Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өндірістік қуатымен танысқан Премьер отандық кәсіпорындарды қолдау Үкіметтің басым міндеті екенін атап өтті. Қолдау көрсетіледі, сонымен бірге импортты алмастыруға әсер ететін сапалы әрі қолжетімді тауарлар түріндегі нәтижелер қажет деді.  

Олжас Бектенов инновациялық технологияларды енгізудің маңызды екенін атап өтті, бұл жоғары деңгейде өңделген өнімнің сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік, экология мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық бизнеске қажетті қолдау көрсетілуде. Алып кәсіпорындардың өндіріс көлемінің өсуі өз кезегінде аралас салалардың дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға, адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға серпін беретіні атап өтілді.  

Ақтөбе рельс зауыты жылына темір жол рельстері мен пішінді илек өнімдерінің кең номенклатурасы мен арнайы профильдер және басқа да өнімдер шығарады. Зауытта рельстерді термоберіктеудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін инновациялық технология қолданылады. Өндірілген өнім еліміздің теміржол құрылысында пайдаланылады, сондай-ақ Түркия, ТМД елдері, Эстония, Латвияға экспортталады.  

«Зауыттың жобалық қуаты 430 мың тоннаны құрайды. Бұл – мемлекеттің ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету мен экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыру үшін жеткілікті. Бүгінгі таңда зауыт 1 млн тоннадан астам рельстік өнім шығарды, бұл шамамен 8 мың км темір жолдарын құрайды. Қазіргі таңда біздің рельстер «Достық-Мойынты» учаскесінің екінші темір жолдарын, «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісін, Алматы станциясының айналмалы теміржол торабының құрылысы кезінде, сонымен қатар темір жолдарды күрделі жөндеу кезінде пайдаланылуда», – деді «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС коммерциялық директоры Айдар Өміров.

Ардақ Ерубаева

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: