Главная Новости Омбы-Майқапшағай бойындағы газ құбырындағы апат жедел жойылды
14 ақпан 2022, 09:59 1347

Омбы-Майқапшағай бойындағы газ құбырындағы апат жедел жойылды

Омбы-Майқапшағай бойындағы газ құбырындағы апат жедел жойылды

Газ беру апат болған күні-ақ толығымен қалпына келтірілді.

12 ақпанда сағат 07:55-те жедел диспетчерлік қызметке Омбы-Майқапшағай тас жолының бойындағы Зайсан айналма жолының маңында газ иісінің шығып жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жеткен газ қызметкері жерасты жоғары қысымды газ құбырынан газ шығып жатқанын анықтаған.

Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде 9 елді мекен газдан ажыратылып, 1656 абонент жеке тұлға және 42 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын көгілдір отынсыз қалды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Зайсан газ шаруашылығы, Төтенше жағдайлар департаменті және басқа да ұйымдар қызметкерлерінің жедел жүргізген жұмысының нәтижесінде сол күні-ақ газ беру толығымен қалпына келтірілді.

Айта кететін жайт, газ құбыры Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің еншісінде.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: