Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүк тиеу мен түсіруді ұйымдастыру департаментінің менеджері Маржан Сарыбаеваны ұжымы зор құрметпен зейнет демалысына шығарып салды. Еңбек жолын 1987 жылы Луговой станциясында жүк қабылдап-тапсырушы болып бастаған ол теміржолға өмірінің 44 жылын арнаған.
Жиында әріптестері оның кәсіби білікті, өз ісіне жауапты, тиянақты, өте тәжірибелі және айналасына қамқор әрі жанашыр жан, ұжымда абыройлы қызметкер болғанын жеткізді.
– Салада табанды еңбек етіп, қиын да күрделі жоспарлау бағытында қызмет етіп, білгеніңізді талай жастарға үйретіп, ондаған шәкірт тәрбиеледіңіз. Сондықтан кейінгі теміржолшылардың сізден үйренері көп болды. Сіз енді демалуға, сонша жыл бейнеттің зейнетін көруге лайықтысыз. Алдағы уақытта да байланыста болып, кездесулерге шақыратын боламыз. Жаңа өміріңізге тек сәттілік тілейміз, балаларыңыз бен немерелеріңіздің жанында бақытты ғұмыр кеше беріңіз, – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Ғани Есенбаев.
Сырда туып, Алматыда білім алып, Арқада қызмет жолын тәмамдаған Маржан Маханбетжанқызы атақты Сарыбаевтар теміржолшылар династиясынан шыққан жан. Соғыс кезінде атасы, одан беріде әкесі мен бауырлары теміржолда еңбек етіп, қазіргі таңда әулеттің төртінші буын өкілдері болат жолда тер төгуде. Жолдасы да теміржолшы. Екі ұлынан немере сүйіп отырған аяулы ана, ардақты әже. Астанаға 1999-2000 жылдары дислокациямен отбасымен көшіп келген.
Маржан Сарыбаеваға ұлттық компанияның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың атынан Алғыс хат және «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаровтың атынан Құттықтау хат табыс етілді. Әріптестері құшақ-құшақ гүл шоғымен, сый-сияпатпен шығарып салды.
Райхан Рахметова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
116
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
172
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
156
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету