Главная Новости Өмірінің сәні спорт болған саңлақ ардагер
01 қазан 2018, 09:43 2385

Өмірінің сәні спорт болған саңлақ ардагер

Өмірінің сәні спорт болған саңлақ ардагер Сурет: ашық дереккөзден

1 қазан - халықаралық Қариялар күні. Осы орайда биыл Құрметті теміржолшы Семен Песельник 80 жасқа толып отыр. Ал бұл тұлға туралы әріптестері айтып тауыса алмайды. Себебі, өз ісіне берілген даңқты жанның темір жол саласынан тыс, тұтас елімізде спорт саласын дамытуға сіңірген еңбегі зор.

Баянды ғұмырын салауатты өмір салтын насихаттауға арнаған кейіпкеріміздің белсенділігі жалпы Қазақстан темір жолындағы әлеуметтік мәселелерді оңынан шешіп, теміржолшылардың денсаулығын бабында ұстауға тікелей септігін тигізсе керек. Бұған жақында қарияға «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан көрсетілген құрмет айқын дәлел.

Бүгінде зейнет демалысындағы Семен қартты мерейлі сәтімен құттықтау үшін «Қазақстан темір жолы» компаниясының бас инженері Батыр Котырев бастаған топ арнайы барды. Олар мерейтой иесіне Ұлттық компания басшылығының Алғысхатын, естелік сыйлығын табыстады.

Өз кезегінде Семен Песельник барша теміржолшылар қауымына спортпен үзбей айналысып, сергек жүруді тіледі. Себебі, дене шынықтыру арқылы болатжолдағы еңбеккерлер еңбек өнімділігін арттырып, тасымал көрігін қыздырып, биік белестерді бағындыра алмақ.

«Өмірімнің жарқын кездері, есте қаларлық жылдары темір жолда өтті. Осы салада жүріп спортты өркендету үшін қыруар шаруа атқарылды, тату ұжымның арқасында үздік нәтижелерге қол жеткіздік. Тіпті атағымыз Одаққа дүркіреп, алысқа жайылды. Естен кетпес тамаша әсерлерді бастан кештік. Сондықтан менің мәңгіге теміржолшы болып қалатыным анық», - дейді ол.

Оқу орнын вагон шаруашылығы мамандығы бойынша аяқтаған Семен Маркович алпысыншы жылдары Семейдегі жол бөлімшесінде еңбек жолын бастады. Жастық шағындағы спорттық жарыстарға құмарлығын да әрі қарай жалғастырған.  Төккен тердің жемісі сол, жергілікті спортшылармен бірге облыс намысын қорғады. Қазақ темір жолының Семей бөлімшесінде қоғамдық іс-шараларға ден қоя кірісіп, осы тұста көптеген қажетті инфрақұрылым нысандары бой көтерді. Мәселен волейбол алаңы мен шайбалы хоккей корты пайда болып, қыс мезгілінде бұқара халық жаппай коньки тебуге жұмылған-ды.

Әлем біріншіліктерінде топ жарған теміржолшы-спортшыларды тәрбиелей білген Семен Маркович кәсіби шеберлігін арттыру үшін Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын тәмамдауды ұмытпады.

1969 жылы Алматыға қоныс аударған спорт жанашырының 25 жыл бойы әйелдер футболын дамытуға күш салғаны ерекше атап өтер жайт. Осылайша, әйелдер футболынан Қазақстанда алғаш құрылған «Алма-ҚТЖ» кәсіби клубы Еуропадағы үздік клубтардың қатарына қосылды.

Жарты ғасырдан астам талмай еңбек еткен, «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері», «Қазақстанның еңбегі сіңген бапкері» атақтарының иегері Семен ақсақал әлі де ширақ, күш-қуаты тың!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: