Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбастың болашағы қуатты та жігерлі, білімді де еңбекқор жастардың қолында. Жалынды жылдарын өндіріспен ұштастырып, кен орнында қанат қатайтып жүрген олар сала ардагерлерінің салған сара жолын абыроймен жалғап келеді. Вахта ауысымындағы жауапты қызметі мен шығармашылықты қатар алып жүрген жұмысшының бірі – мұнай дайындау және айдау цехының тауар операторы Руслан Құрманбаев.
Жұмыс кезінде ол өндірілген шикізатты өлшеуге және тазалауға жауапты маман. Сондай-ақ сынама алып, айдау режиміне, қазандарды жылыту жұмыстарына бақылау жүргізеді. Бұл мұнай тасымалына әсер ететін күрделі процесс. Алайда, жас мұнайшының мамандығы шығармашылықпен айналысуына кедергі келтірмейді. Руслан бос уақытында өлең жазып, біліктілігін арттырады, сондай-ақ компанияның қоғамдық өміріне белсенді араласады.
«Мен өз өлеңдерімде әртүрлі тақырыптарды қозғаймын. Көбінесе, Отан туралы жазамын. Оған қоса өндірістің ерекшеліктері туралы баяндаймын. Біздің әрқайсымызға үлкен сенім мен жауапкершілік жүктелген. Жер асты байлықтарына толы кен орнын дамыту және оны болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің ортақ міндетіміз. Сондықтан біз өндірістік көрсеткіштерді арттыру үшін әлі де тынымсыз тер төгеміз. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, біз жұмыс ауысымынан бос уақытымызды спортзалда немесе вахталық кенттегі мәдени-демалыс орталығында өткіземіз», – дейді Руслан Құрманбаев.

Айта кетейік, талантты тауар операторы жақында «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауында 1 орын алды. Енді ол жарыстың аймақтық кезеңінде басқа компаниялардағы әріптестерімен сайысқа түседі. Еңбек ұжымы жас маманның жан-жақты қасиеттерін оң бағалап, үлкен үміт артады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
161
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете