Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сурет: "Самұрық-Энерго" АҚ баспасөз қызметі
Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Халықаралық бизнес университеті» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Республиканың аса ірі энергия холдингі «Самұрық-Энерго» цифрландыру аясында өз компанияларының тобында математикалық есептеу моделдерін пайдалану арқылы мониторингтің және өндіріс деректерін өңдеудің ақпараттық-талдамалық жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.
Бұл іс-шаралар холдингтің өндірістік нысандарындағы жоспарлы, алдын ала жасалатын жөндеу жұмыстарынан жабдықтардың жай-күйіне қарай жасалатын жөндеу жұмыстарына көшуді қамтамасыз етуге тиіс.
Бұл міндеттерді атқару үшін информатика және математика саласының мамандарын тарту қажет болатынын ескере отырып, Компания пилоттық режимде отандық ғылым-білім беру университеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатуда.
Ғылым, білім беру, қоғамдық қызмет секілді бағыттардағы әріптестікті көздейтін маңызды құжатқа «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов пен Халықаралық бизнес университетінің президенті Дархан Ахмед-Заки қол қойды.
Меморандумға сай, Университет ғалымдары Самұрық-Энерго мен оның құрамындағы компаниялар үшін қызығушылық туғызатын өндірістік, ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шешуге қатысады. Өз кезегінде, электр энергиясы холдингінің мамандары мен сарапшылары ғылыми серіктеске Университеттің оқыту бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ компаниялардағы бөлімшелердің кәсіби бағытына және студенттер мен магистранттардың мамандықтарына қарай отырып, өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтуін қамтамасыз етуге көмектеседі.
«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Бақытжан Жоламанов атап өткендей, «Самұрық-Энерго» мен Халықаралық бизнес университеті арасында жасалған меморандум ғылыми деңгейде білім беру мен бизнестің, жаңа технологиялық әзірлемелер мен өндірістік тәжірибенің арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық дәстүрін нығайта түсуі тиіс.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы