Главная Новости Өндірісті жеңілдеткен өміршең идея
10 ноября 2023, 10:04 1074

Өндірісті жеңілдеткен өміршең идея

Өндірісті жеңілдеткен өміршең идея

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Бейнеу желілік өндірістік басқармасында технологиялық компрессорлардың машинисі болып қызмет ететін Нұрберген Жақашев биыл «Самұрық-Қазына» қорының «Үздік маман» байқауында бақ сынап жатыр.

33 жыл еңбек тәжірибесіне ие және осы еңбек жолында бірнеше мәрте рационализаторлық идеясымен көзге түскен Нұрберген Жақашев үшін мұндай байқау таңсық емес. Ол 2017 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ ішінде өткізілген «Үздік маман» байқауында «Технологиялық компрессор машинисі» номинациясы бойынша жеңіске жетіп, «ҚазМұнайГаз» АҚ деңгейінде ынталандыру сыйлығын иеленген болатын. Дәл осы жылы Мұнай-газ өндірісінің озаты атанды. 2021 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ ішінде өткізілген «Үздік маман» байқауында тағы да жеңіс тұғырынан көрінді.

Нұрберген Жақашев биылғы байқауға айрықша идея ұсынды. Бұл – тек идея емес, оны өндірісте бес жыл бойы сынақтан өтіп, тиімділігін көрсеткен нақты жоба деуге де болады. Ол газ өндірісінде қолданылатын шар крандарының көлденең және тік фланцтары қосындыларынан газдың шығуын жоюға негізделген. Өндірістік терминдерді барынша жеңілдетіп айтсақ, аталған кранның өзі сапалы болғанымен, фланц қосындыларында тығыздағыш фитинг қарастырылмаған. Сәйкесінше, бұл тұстан газ ауаға таралып, бір жағынан экологияға зиянын келтірсе, екінші жағынан экономикалық шығынға әкеледі. Нұрберген Жақашев ұсынып отырған жобаға сәйкес, фитингті қолдан дәнекерлеу жолымен бұл кемшілікті жоюға болады.

 

 

Жоғарыда айтқанымыздай бұл идея «Ақтау» магистральды газ өткізгіштері басқармасына қолданылып, жақсы нәтиже берген. Енді оны компанияның басқа да өндірістік құрылымдарында қолдану ұсынылып отыр. Маманның есебінше, фитингті бір ғана кран фланцтарының қосылған жеріне дәнекерлеу арқылы бір жылда 20 миллион теңгеге жуық үнем жасалады. Ал бес жылда мұндай тәсіл шамамен жиырма кранға қолданылғанын ескерсек, компанияның үнемі 300 миллион теңгеден асып кеткенін есептеу қиын емес.

Міне, қарапайым бір идея арқылы ғана кәсіпорынның дамуына үлкен үлес қосуға болады. Оның мысалы – Нұрберген Жақашевтің еңбек тәжірибесі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: