Главная Новости Өңірлерде мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкерлері марапатталды
28 тамыз 2024, 09:16 304

Өңірлерде мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкерлері марапатталды

Өңірлерде мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкерлері марапатталды

Қызылорда мен Ақтөбеде облыстарында Қазақстан мұнайының 125 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке барысында өңірлердегі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарының еңбегімен ерекшеленген қызметкерлері марапатталды.

Өңірдегі мұнай-газ компаниялары инфрақұрылымды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті халықты қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды жиі іске асырады. Осылайша олар облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді.

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына қарасты «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС және «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының және басқа да кәсіпорындардың қызметкерлеріне мерейтойлық төсбелгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты жиынға Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдері Нұрлыбек Нәлібаев пен Асхат Шахаров, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, сондай-ақ сала ардагерлері мен басқа да сыйлы қонақтар қатысты.

Асхат Хасенов құттықтау сөзінде мұнайшыларға жанқиярлық еңбегі мен мамандығына деген адалдығы үшін алғыс білдіріп, 125 жыл ішінде мұнай саласы Қазақстанның экономикалық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

«125 жыл ішінде Қазақстанның мұнай-газ саласы еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күшіне айналды. Осы жылдар ішінде сала түрлі кезеңдерден өтті. Мұнайшылардың ерен еңбегі мен қажыр-қайраты елдің энергетикалық әлеуетін дамытуға ғана емес, өңірлердің әл-ауқатын жақсартуға ықпал етіп келеді. Бүгін еңсемізді тік көтеріп жүруіміз даңқты ардагерлеріміздің жасампаз еңбегінің арқасында. Сол кісілердің жанқияр ерлігі мен ерен еңбегіне алғысымызды білдіреміз», - деді «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС жыл сайын қайырымдылық, демеушілік қызметке және өңірдің ірі әлеуметтік жобаларын іске асыруға атсалысады. Компания Қызылорда қаласында 350 балаға арналған көпфункционалды Оқушылар сарайының құрылысын қаржыландырды.

Бұдан бұрын «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Мұғалжар ауданындағы Жаркемер ауылын газдандыру жұмыстарын, ал 2024 жылы Қожасай ауылында грейдерлік жол және Шеңгелді, Қожасай мен Теміркөпір ауылдарында балалар алаңдарын салу жобасын қаржыландырды. Сонымен қатар Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы балабақшаның материалдық базасын қалыптастыруға қаражат бөлді.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылының тұрғындарын өтеусіз негізде газбен қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, 2015 жылдан бері компания өзінің электр станциясында өндіріліп, артылып қалатын электр энергиясын ауданның шаруа қожалықтарына тегін беріп келеді.

Қазақ мұнайының 125 жылдық мерейтойына арналған келесі мерекелік іс-шаралар 28 тамыз күні Атырау мен Ақтауда өтеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: