Главная Новости Оңтүстік Жетібай, Алатөбе және Оймаша кен орындарын игеру мерзімі ұзартылды
27 желтоқсан 2022, 09:30 1638

Оңтүстік Жетібай, Алатөбе және Оймаша кен орындарын игеру мерзімі ұзартылды

Оңтүстік Жетібай, Алатөбе және Оймаша кен орындарын игеру мерзімі ұзартылды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Оңтүстік Жетібай, Алатөбе және Оймаша кен орындарында көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыруға арналған 09.01.1998 жылғы №ГКИ-170 негізгі келісім-шарттың мерзімін 2028 жылғы 8 желтоқсанға дейін ұзарту туралы №7 қосымша келісімге қол қойылғаны туралы хабарлайды. Бұрынғы келісім-шарттың мерзімі 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін есептелген болатын.

Оңтүстік Жетібай, Алатөбе және Оймаша кен орындары бойынша 3 (үш) лицензияның қолданылу мерзімінің 2022 жылдың 8 желтоқсанында аяқталуына байланысты, 2022 жылыдың 8 маусым күні кенорнындардың үздіксіз (тоқтаусыз) игерілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Энергетика министрлігіне көрсетілген учаскелер бойынша өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініш жолданды.

Өндіру кезеңін ұзарту мәселесі бойынша 5 айдан астам уақытқа созылған келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының отырысында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына Оңтүстік Жетібай, Алатөбе және Оймаша кенорындары бойынша игеру кезеңін ұзартуға рұқсат беру туралы шешім қабылданды.

Келісім-шарттар мерзімінің 2023 жылдан 2028 жылға дейін ұзартылуының нәтижесінде Оңтүстік Жетібай, Алатөбе және Оймаша үш кенорны бойынша мұнай өндірудің әсері 695 432 тоннаны құрап отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: