Главная Новости ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді азайту келісімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартады
05 маусым 2023, 08:46 1256

ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді азайту келісімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартады

ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді азайту келісімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартады

ОПЕК + келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіруге қойылған шектеуді 2024 жылдың соңына дейін ұзартуға келісті. Өндірістің жалпы көлемі тәулігіне 40 миллион баррельден сәл асады, бұл қазіргіден 1,4 миллион баррельге аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ОПЕК+ елдері Венада өткен кездесуде төмендеп бара жатқан энергия бағасын қолдау үшін мұнай өндіруге шектеуді келесі жылдың соңына дейін ұзартуға келісті.

2024 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында келісім елдеріндегі мұнай өндірудің жалпы көлемі - тәулігіне 40,46 миллион баррель. Бұл қазіргіден 1,4 миллионға аз.

Әр елдің өз квотасы белгіленген. Ресей үшін бұл тәулігіне 9,828 миллион баррель, Сауд Арабиясы үшін — 10,478 миллион.

Мәскеу және Эр-Рияд - ОПЕК + қатысушылары арасындағы ең ірі мұнай экспорттаушылар.

Ангола мен Габон делегаттары кездесу кезінде ұйымның штаб-пәтерінен шығып кеткен.

The Wall Street Journal хабарлауынша, іс жүзіндегі одақ жетекшісі - Сауд Арабиясы Африканың шағын елдерінің мұнай өндіру квотасын азайтуға шақырған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: