Главная Новости «Оптика» келді, енді интернет сапасы артады
24 қараша 2020, 07:36 768

«Оптика» келді, енді интернет сапасы артады

«Оптика» келді, енді интернет сапасы артады

Еліміздің ең ірі өңірінде ауыл халқын оптикалық-талшықты байланыс желісі арқылы интернетпен қамту ауқымды жобасы аяқталды. Жалпы, ТОБЖ жобасы аясында Алматы облысында 2140 км «оптика» тартылды, 159 ауылдағы 414 мемлекеттік мекеме мен бюджет ұйымдарына сигнал жеткізілді. Ең алдымен аудан орталықтары мен ірі ауылдарға жылдам интернет жеткізіліп, сол жерден шалғайдағы ауылдарға байланыс желісі тартылды.

Жұмысшылар ауылға желі тартарда түрлі кедергілерді бағындыруына тура келген. Мысалы, Еңбекші ауылының маңында құрылысшылар бригадасы ені 80 метр келетін терең су қоймасынан кабель өткізді.

«О баста жоба бойынша жерді қазып, құбыр жатқызамыз деп жоспарлаған едік. Бірақ, бұл өңірдің жері тастақ келеді. Кейде бұрғы адамдай келетін тастарға тіреліп қалады. Сондықтан, жобаны мерзімінде аяқтау үшін кабель жатқызу әдісін өзгерттік те, тиісті рұқсатын алып, көпірдің астынан ТОБЖ тарттық», – дейді «Алматытелеком» ӨТД Панфилов АТД бастығы Руслан Құрбанов.

Облыста ТОБЖ жобасы аяқталған соң, қазіргі станциялардың техникалық параметрлерін жақсарту және ауыл тұрғындарына көбірек телекоммуникация қызметтерін ұсыну мүмкіншілігін іздедік. Енді цифрлық мемлекеттік қызметтер, телемедицина дәне онлайн білім беру дегендер шалғайдағы 100 түтіні бар шағын ауылдарда да қолжетімді.

«Мен мал шаруашылығымен айналысамын. Бұрын бір ғана анықтаманы алу үшін аудан орталығына барушы едік. Ал қазір оны интернет арқылы тындырамыз. Шаруаның бір шетін немерем Бекзат ұстап жүр. Ол 5-сыныпта қашықтан оқып жүр. Сабақтан бос кезде атасы мен әжесіне гаджет қолдануды үйретеді», – дейді Саурық Батыр ауылының тұрғыны, фермер Серік Жұмабеков.

«Оптика» келгесін, бұрынғы байланыс желілерінің техникалық параметрлері айтарлықтай жақсарды: Алматы облысындағы ауыл тұрғындарының интернеті бұрынғыдан 4 есе жылдам жүріп тұр. Кезең-кезеңімен ұсынылатын қызметтердің саны да, байланыс қызметін қолданушылар да артып келеді, цифрлық телевидение қосқан үйлер де едәуір көбейген.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: