Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биыл Б. Оразбаев атындағы Алматы 1-ЖЭО өндірістік кәсіпорнының құрылғанына 87 жыл толады. 1935 жылы 25 қазанда алғашқы агрегатқа өнеркәсіптік жүктеме берілді. 1936 жылы 1,8 млн кВтс электр энергиясы өндірілген болатын. Ал бүгінгі таңда мұндай жүктемені станция 1 тәулік ішінде-ақ орындайды.
Қысқы кезеңде электр станция Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіп, қажетті жүктемеде жұмыс істеуі үшін барлық негізгі және қосалқы жабдықтар жылыту маусымының басталуына толықтай дайын болуы тиіс. Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО ағымдағы жылдың жөндеу жұмыстарын сәуір айында бастады.

«Бүгінгі кезеңде орнатылған алты энергетикалық қазандықтың үшеуі жоспарлы жөндеуден өтті, біреуі жөнделуде, ал екі қазандық кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарының кезегінде тұр, – деді Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Басқарушы директоры Әлібек Тастанбеков. – Орнатылған жеті су жылыту қазандығының алтауы жөнделді, соңғысы жөнделуде. Бір турбоагрегатта ағымдағы жөндеу жүргізілді, екіншісінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде және үшінші турбоагрегат кестеге сәйкес жөндеуді күтуде».
1-ЖЭО негізгі және қосалқы жабдықтарындағы барлық жөндеу жұмыстары «АлЭС» АҚ «Энергожөндеу» ӨЖК қызметкерлерінің күшімен жүргізіледі.
Бүгінгі таңда станция 236 902,95 мың кВтс электр энергиясын және жоспарға сәйкес 734 557 Гкал жылу энергиясын өндірді.

1935 жылдан бері Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО 38,707 млрд кВтс электр энергиясын, 155,979 млн Гкал жылу энергиясын өндірді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
84
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»
60
08 декабря 12:24
В Кокшетау строят современную ТЭЦ на технологиях «чистого угля»
98
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады