Главная Новости Өрт сөндіру пойызы қызыл жалынды ауыздықтауға қатысты
04 мамыр 2024, 09:30 253

Өрт сөндіру пойызы қызыл жалынды ауыздықтауға қатысты

Өрт сөндіру пойызы қызыл жалынды ауыздықтауға қатысты

Өткен аптада Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты аумақта екі бірдей ірі өрт оқиғасы тіркелді. Оның біреуін сөндіруге өрт сөндіру пойызы да жұмылдырылды.

Семей қаласының іргесіндегі өсімдік майын өндіретін кәсіпорынның ашық аумағында жиналып қалған шемішке қалдығы өртенді. Біршама аумаққа жайылып үлгерген өртті сөндіруге Семей ЖТ бөлімшесінен қосымша өрт сөндіру пойызы және 11 адам тартылды. Күні бойы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.  

Теміржолдың өрт сөндіру пойызы биыл осымен екінші рет өрт сөндіруге қатысты. Ақпан айында қала орталығындағы ірі сауда үйін сөндіруге де өрт сөндіру пойызы пайдаланылған болатын.  

Ауа райын болжаушылар биылғы жазда ел шығысында жауын-шашын аз түсіп, аптап ыстық болады, сондықтан өрт қаупі еселенуі мүмкін деп отыр.  

Қуаныш Қожаев

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: